Мәңгілік ел – мұратым
Қазақ халқы үшін құнын ешқашан жоғалтпайтын қасиетті сөз бар. Ол – Азаттық. Сан тарау жолдан өтіп, ғасырлар бойы асыл арманға айналған тәуелсіздіктің туы желбіреп тұр. Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізу үшін, қаншама қиын сәттерді, жауыздықты, зұлымдық пен арпалысты басынан кешірді. Тәуелсіздік – бостандық пен еркіндік үшін жанын берген талай қазақ жастары мен қарттарының аманаты.
Осынау ғажайып бейбіт өмірді ұрпақтарына білектің күшімен найзаның ұшымен жанталасып, өз өмірлерін құрбан еткен ата-бабаларымыздың ерліктерін сан мәрте жазудан жалықпаспыз. Қиыры көрінбейтін ен даланы еншімізге берген бабалар ерлік рухын үлгі етіп, ұрпаққа азат күн сыйлады. Оны қорғау, құрметтеу сіз бен біздің парыз. Өткен күн – тарих. Тарихты таразыламай болашаққа бағдар жасай алмасымыз мағлұм. Әрине, тарихтың түбі тереңде. Қазақ хандығының XV-XVII ғасырлардағы көрнектілерінің бірі – Тәуке хан. Оның ру-тайпалар жерінің аумағын нақты белгілеп, жер пайдаланудың тәртібін енгізгенін ұрпақ білгені ләзім. Тәуке хан тарихқа «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған билеуші ретінде кеңінен танылды. Үш бидің басын біріктірген кеңес халық пен хандықтың бірлігін арттырып, біртұтас елге айналдырды. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыр» кезеңі деп бекер атамаған. Атақты орыс тарихшысы А.Левшин «Ол оларды, тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылға созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрінде де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарған әділеттілігімен өзіне бағындыра білді» деп жазады. Қазақтар жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы кескілескен қанды шайқастар жүргізіп келді. Алайда, соның ішіндегі ең ауыры «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» атанған, ұлттық қайғы мен қасіретке толы апатты жылдар екенін білесіздер.

Сонымен қатар қазақ халқы өте күрделі қиын-қыстау уақытта тек өз күштеріне ғана үміт артып, біріге бастады. Бүкіл халықтың күш-жігерін жұмылдыру қазақтардың жоңғарларға қарсы күресте – Бұланты және Аңырақай шайқастарында шешуші жеңістеріне қол жеткізуіне мүмкіндік берді. Тарқатып айтар болсақ, ұлы далада хандық құрған, мемлекет орнатқан және «Мәңгі ел» мемлекетін орнатамыз деп күрескен еді. Тасқа қашалып жазылған, ешкім өшіре алмаған алтын сөз бар. Оны кешегі саясат дауылы да, Кеңес заманының солдаттары атқан оқ та өшіре алған жоқ. Өйткені, ол – «Мәңгі ел» арманы, «Мәңгі ел» мұраты болатын. Рас, кеше тіліміз байланды, тіземіз дірілдеді. Барымызды түгендей алмадық. Бүгін басқаша. Біз Тәуелсіздік дегеннің қадір-құнын осы тұрғыдан бағалауымыз керек. Жоғалтып ала жаздаған бабамның тарихы енді еркін өскен ұрпақтың қолына тиді. Тарих – тоқсан тараулы, мың қатпарлы. Қазақтың сонау 1723 жылы жоңғар ойранынан жоқ боп кете жаздап, одан бертін бодандықтың құл-қамытында 1932-нің қолдан құрылған қызыл майдан қырғынына 2,5 миллион адамын беріп, енді еңсесін көтерем дегенде 1937-нің қаһарына ұшырады. Алпамысты айтқаны айдалып, Абайды ауызға алғаны атылды. Басқа жұртты қайдам, дәл қазаққа келгенде қара мылтығын қылтитып қаныпезер қара ниет қараңғы бұрыштан аңдуын бір қоймады. Мұндайда халқымыз қашанда, әйтеуір өлмеген құлдың көктемін көппен көріп, ұлы тойлардан да шет қалмады.
Тар жол тайғақ кешіп, қан мен терге түсіп, мұз жастанған қазақ халқының басына бақытты дәурен ХХІ ғасырда қайта оралды. Бесігі түзелген ел белін жазып, аман қалған ел тіршілігін тірілтіп, көш керуенін қайта сәндеді. Оты сөнбеген көп қазақтың бәрі де қол жеткізетіндерінен үміттерін үзген жоқ! Түсімізге кірмеген тарихи бақытқа ие болдық, сан мың ұрпақ жете алмаған тәуелсіздікке 1991 жылы 16 желтоқсанда жеттік. Бұл – қазақ халқы үшін тарихтағы ұлы күн. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыста аянбай күрескен батырлар мен қаһармандар ойға оралатыны сөзсіз.
Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Бірақ ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Тәуелсіздік. Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. Тәуелсіздік ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Заман ауысқанда, қоғам ауысқанда алдымыздан тарихи мүмкіндікті қалт жібермегенімізге, ақырын жүріп, анық басқанымызға, арандап қалмай арманымызға жеткенімізге шүкіршілік! Алты Алаш деген сөзді түркімен де, өзбек те, қырғыз да айтпайды. Керісінше, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов сияқты асыл ағаларымыздың аузынан түспеген – осы сөз. Осы сөз еліміздің Тұңғыш Президентінің де аузынан түскен емес. Тек бірлік, ымыра, бәтуа рухыңды асқақтатады. Асқақ рух мемлекетті құдіреттендіре түседі. Мәңгі ел солай жасамақ. Өз жолдауларында ел болашағын бажайлаған Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның әлемдік даму күшінен алатын орынын да межелеген еді. Бұл – «Мәңгілік ел» мұраты.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ