Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік – тұғырым, ұзақ болсын ғұмырың

Тәуелсіздік – тұғырым, ұзақ болсын ғұмырың

Сәрсенбі күні аудандық балалар кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тұғырым, ұзақ болсын ғұмырың» атты әдеби кеш өтті. Аталған мерекеге кенттегі №45 «Ақ Орда» мектеп гимназиясының, №46 А.Пушкин атындағы мектеп лицейінің, №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектептің 5-7 сынып оқушылары біркісідей атсалысты. Кітапханашы Перуза Түлкібайдың ұйымдастыруымен өткен шарада «Тәуке хан мен үш бидің отырысы», «Әбілхайыр ханнан Керей мен Жәнібектің бөлініп, егемендік сұрап келуі» атты көріністер қойылып, халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсап, армандағанын, батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп, құрбан болғанын, Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды аузы дуалы, қызыл тілді билеріміздің шешендігін көз алдымызға бейнелеп берді.
Шара одан әрі «Жастардың алаңға шығуы», «Сот залы» сияқты көріністермен жалғасын тапты. Онда қатысушылар Қайрат Рысқұлбековтың түрмеге жабылуын, сот залында шығарылған үкімді, яғни 1986 жылы болған қантөгіс оқиғаны көз алдымызға алып келді. Қойылым барысында Айбек ­Самидинов,­ Алмат ­Исмаилов, Қуаныш Асылбекұлы және Иманғали Нұрғалиұлылар өз образын ойдағыдай сомдап, көрерменнің қошеметіне бөленді. Ал кітапхана жанынан ашылған «Жыр – жауһар» поэзия клубының мүшесі Мерей Тілеубай мерекеге орай өзінің жүрекжарды туындысын көпшілікке тарту етті. Шара соңында әнұран орындалды.

Фариза Нышанбекқызы
14 желтоқсан 2019 ж. 1 016 0