Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен бүгін әкемді айтып толғанамын

Мен бүгін әкемді айтып толғанамын

Әкем менің Тәжібай – Тәжмағамбет!
Қалай ата, бәрібір тұлға зерек.
Айып Ата Рыскүл отбасында,
Голощёкин кезеңінде туған ерек.

Не бір зауал өткізген бала шақтан,
Ашаршылық заманнан аман шыққан.
Нан таппаған адамдар ісіп кеуіп,
Дөңкиіп өліп жатқан, қадам бассаң.

Сегіз бала қамы үшін жанын салған,
Айып атам әжеммен тары салған.
Бір сиырдың сүтімен бір қауымды,
Алып шығып нәубеттен асыраған.

Бар тоғайдан аң аулап ұзап қырдан,
Балалар да еңбекті мұрат қылған.
Ептілік пен бірлесіп тамақ үшін,
Қырғауыл, дуадаққа тұзақ құрған.

Кешке жетіп үлкендер ас қамдаған,
Балалар да тірліктен тыс қалмаған.
Диірменді қос қолмен айналдырып,
Талқан тары, ботқа жеп аш болмаған.

Бауырлар Нұрмағанбет, Досмағанбет,
Нурриддин, Шәмшиддин һәм Тәжмағанбет.
Мұхиддин, Рахиля мен Асылханды,
Қамқор болып жылытқан-маздаған от.

Тағдырлас қиындықтар күйзелді ме,
Көпшілік мақсат етіп түзелді ме,
Колхозды құрамыз деп Шыбындыдан,
Барлық аймақ көшкен бірге Жиделіге.

Ұрпағы Ес Абыздың Жиделіде,
Шашты, Досан, Көзейлер бәрі бірге.
Егін салып, мал бағып қосшы құрған,
Дәл сол шақ соғыс салды әбігерге!

Сарыбайға көмекші әкем, бірлесіп,
Соқа салды«Фордзонмен» күріш егіп.
Жездесіменмайданғабірге кетті,
Алғашқылар легіменен бір ілесіп.

Әкем солай аттанды ұрысқа ары,
Ана, Бауыр қалды артта, жұмыс, бәрі.
Бірге кетті Батысты бетке алды да,
Бір ауылдан он екі Ер- туысқаны.

Үйренгені тракторды жөн де еді,
Майдан барып Т-34 ті меңгереді.
Көздеуші боп зеңбіректен жапырады,
Қасқайып ажал болып төнгендерді.

Екі ағасы, біргеөзімен от кешіп,
Елді, жерді қорғау деген серт,-десіп!
Жан алысты, жан берісті, майданда
Жеті жерден денесін де оқ тесіп!

Сұрапыл да сөгілмей іргелері,
Жеті жолдас қасқайып жүрген еді.
Байсымақ, Әбжәли, Тойман бәрі,
Бірге барды майданға, бірге келді.

Менің әкем мерген болған кәнігі,
Көзге ілгенін сұлататын, анығы.
Жебеді ме Ес-Абыздың әруағы,
Елге жетті болып көрер жарығы.

Танкпенен жүрді алғы шептерде,
Жауда арғы бекініпті бөктерге.
Өмір-Өлім тайталасқан, сонау бір,
Жараланды Днепр судан өткенде.

Оңай болмас, ажал төнсе шақ қалып,
Естен танып, барып-келіп жатты анық.
Санитар қыз таңып берген сол жерде,
Ішкі ағзасын кеткен мина ақтарып.

Халі ауыр оған қарар мезет жоқ,
Оқ боратты жау дзоты өңештеп.
Әкем ілбіп қайта қонды танкке,
Бір қараса, жау барады безектеп.

Алға ұмтылды, мұндайда жоқ тек тұрыс,
Бір алапат басталды да кетті ұрыс.
Сол шабуыл Днепрден басталған,
Тарихтағы «түбегейлі бетбұрыс».

Батырымсол намыспенен алға асты,
Украина жерін жаудан қорғасты.
Соғыс бітті, бірақ Сарбаз жорығы,
Жапондармен Халхин Голда жалғасты.

Менің әкем, ел намысын ақтаған!
Жеті жылдай фашистерді таптаған.
Жеңіс күні орден толған кеудесі,
Нағыз Ер ғой, елі жұрты мақтаған!

Заңғар әкем, жаны бүгін жәннатта,
Тірі болса жүруші еді-ау Парадта.
Осы күнді көре алмаған батырдың ,
Ұрпақтары сап түзейді санатта.

Ей, ұландар!
Аталарың- әуелеген асыл күй,
Соған ұқсап алға қадам бас ылғи.
Берік ұста, Аюповтар айбынын,
Аталардың рухына басыңды и!
Батырлардың рухына басыңды и!
28 сәуір 2020 ж. 465 0