Оңай олжа опа бермейді

– Алло, амансың ба, Гүлнәр? Мен жаңа ғана «Черный касса» деп аталатын ойынға қосылдым. Алдымен 14 мың жарна салдым. Артынша 114 000 ақша төлем картама түсті. Өзім сенімді болған соң, саған да олжалы бол деп айтып отырмын. Артыңнан адам қосқан сайын саған да ақша түсе береді екен...
– Рас па? Менде дәл қазір ақша жоқ, ертең аударсам бола ма?
Жақын туысым алса, рас екен-ау деп әп-сәтте менің де басым айналып, оңай олжаға ойым кетсе керек. Тез арада ақша табуға кірістім. Алайда, сол күні қаржының реті келмеді. Таңертең ұйқыдан ояна салып қолыма қалта телефонымды алсам «Қара касса» ойнағандар қарызға батты» деген ақпарат келіп тұр. Содан ақпараттық сайттарды шолып шығып, алаяқтың құрбанына айналмағаныма шүкір дедім. Алайда, ағайын, туыстардың осы бір дүниеге арбалып жатқаны жанға батады. Таңнан қара кешке дейін еңбектеніп жүріп тапқан ақшасы қайдағы бір алаяқтың қалтасына кеткені ауыр емес пе? Иә, бүгінде қарапайым халықтың қалтасын қағатын қаржы пирамидалары айылын жияр емес. Оп-оңай жолмен олжалы болғысы келетіндер талай адамды үптеп келеді. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен...

Қаржы пирамидасы қайдан шықты?
«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» демекші, ел жұмыссыздыққа, қаржылық дағдарысқа тап болған кезде қаржы пирамидалары да қаптап кететіні заңды. Алайда, қазір соншалықты қысылтаяң кез емес. Ниет болса екі қолға бір күрек табылады. Бірақ көптеген адамның қаржы пирамидасының қармағына түсуіне не түрткі болып жүр? Әлде жұртшылық жеңіл жолмен ақша табуға құнығып кеткен бе? Адамзат тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасын 1960 жылы америкалық олигарх Бернард Мэдофф ұйымдастырған екен. «Ғасыр пирамидасы» атанған бұл алаяқтық жүйе 40 жылдық ғұмырында 50 миллиард қаржыны құрдымға жіберіп, 3 миллион адамды күйзеліске ұшыратқан. Уолл-стритті дірілдетіп жіберген ғасырдың ең ірі қаржы пирамидасының күйреуі 2007-2008 жылдардағы Америкадан бастау алған қаржы дағдарысымен тұспа-тұс келген көрінеді. Бұл пирамидаға талай америкалық банктер мен халықаралық қорлар ақша салған деседі. Дегенмен 2009 жылы Бернард ұсталды. Оның айла-шарғысынан әбден күйген Нью-Йорктің соты оны бірден 150 жылға соттап жіберді. Бұл туралы жаңылмасақ «Лжец. Великий и Ужасный» деген фильм де шыққан. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» дегенге сенбей көріңіз енді. Әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналған Бернардты ақшасы құтқара алмады. Бәлкім көптің көз жасы жібермеген болар.

Жә, оны қойыңызшы. Қолжетімді интернеттің мүмкіндігі дейміз бе, әйтеуір Қазақстанда да қаржы пирамидалары көбейіп кетті. Интернетті ашсақ, «Үйде отырып ақша тапқыңыз келеді ме, небәрі 2 сағат уақытыңыз кетеді» деп басталатын жарнамадан көз сүрінеді. Не керек, 5-7-14-30 мың салым салып, қаржыңызды екі еселеп қайырып аласыз. Тіпті таныс-тамырыңызды артыңыздан тіркесеңіз көлік алып, үйлі болып кетуіңізде бек мүмкін. Осылайша санаға шабуыл жасайтын қаржы пирамидасының құрбанына айналғандар қаншама? Бұл қақпанға тез түсетін әйелдер қауымы екен. Бірді-екіге, кішіні-үлкенге, ескіні-жаңаға ауыстыруға әуес тұратын қыз-келіншектер осындай дүниелерге тез иліккіш келеді дейді психолог мамандар. Сондай-ақ «өзіңізбен мұнша адамды ерте келіңіз» дейтін талабы бар ұйым, ойын, жоба атаулыдан аулақ болуға, қаржылық сауаттылықты көтеруге кеңес береді. Қаржы саласында аз-кем сауаты бар адам алаяқтардың қулығын тез ұғады. Бұл үшін қаржы университетін бітіру қажет емес, алаяқтар туралы жаңалықтарды бір қарап, айналаңызда не болып жатқанын біліп отырсаңыздар да жеткілікті.
Міне, көріп отырғандай, қаржы пирамидаларының жұртшылықты байлыққа кенелтейін деген ойы жоқ. Олардың мақсаты – өзгенің есебінен өздерінің қалтасын қампайту. Тұзаққа түсіретін түзілім қаржы пирамидасының құрылу сызбасының өзі адамды арбайды. Мұнда әрбір адам пирамида құруға кіріседі. Ең төменгі сатысы – жүйеге жаңадан кірген адам. Ол байи келе, пирамиданың ұшар басына жетіп, бас айналдырарлық табысқа кенеледі-мыс. Осы сынды майда сөзге масайрап, сан соғып қалмайықшы, ағайын.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ