Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Голдың бар ма?

Голдың бар ма?

– Қанша төлеймін?
– 3 мың теңге бересіз.
– Голдың бар ма?
– Жоқ, аға.
– Өй, менде қолма-қол ақша жоқ. Каспий голдсыз қалай жүрсіңдер и? Ашып алу керек!
Міне, бұл күнделікті тіршіліктегі бір ғана мысал. Бүгінде каспий голды жоқ адамға жұрт көп нәрседен мақұрым қалған жан секілді таңданыспен қарайтын болған. Қазір көпшілік қалтасына ақша салып жүруді қиынсынады. Оның орнына карточка тиімдірек. Бір жағынан ақшамды жоғалтып аламын деп қорықпай жүру үшін де қажет. Оның үстіне үлкен дүкендер, дәріханалар мен қызмет көрсететін орындарда банкомат картасы арқылы төлем жасаған тиімдірек. Сөмкеңнен ұсақ ақша іздеп немесе ақшаңды майдалатып әуре болмайсың, есепші қажет төлемді өзі шешіп алады деген секілді айта берсек, картаның пайдасы шаш етектен.
Ақпараттық заманның ағымына қарай күн сайын қолданысқа жаңа нәрселер еніп келеді. ХХІ ғасырдың адамзатқа тартқан үлкен сыйларының бірі – банкомат карточкалары.
Осыдан он жылдай бұрын кассада кезекке тұрмай, кез келген уақытта көшедегі банкоматқа картаңды салып, ақша алуға болады екен деп таңданған едік. Бастапқыда тек мемлекеттік қызметшілер мен үлкен компаниялардың қызметкерлері ғана жалақысын карточка арқылы алатын. Аз ғана уақыттың ішінде оның қолдану аясы да арта түсті. Бүгінде банкомат карталарының қажеттілігі мен тиімділігіне, көрсететін қызметіне қарай жұрт таңдап жүріп қолданатын күйде.
Соның ішінде халық арасында ең көп тарағаны – каспий голд екені анық. Салық, жылу, ғаламтор секілді кез келген төлемді үстеме пайызсыз жылдам төлеуге мүмкіндік беретін бұл карта адамдардың сұранысын қанағаттандыруда. Кез келген өзге банктің тұтынушысына да ешқандай үстемесіз ақша аударуға болады.
Бір кездері «агентің бар ма?», одан кейін «ватсабың бар ма?» деп сұрайтын болсақ, қазір «голдың бар ма?» деп сауал қоятын күнге жеттік. Жаһандану дәуірі енді қандай жетістігімен қуантар екен?

Гүлхан ЯХИЯ
16 қараша 2019 ж. 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930