Алдаудың ең көп тараған түрі анықталды
2018 жылы ғана елорданың құқық қорғау органдарына алаяқтық фактісі бойынша 4 263 адам шағымданған, соның ішінде әрбір үшіншісі онлайн cатып алу кезінде алданған. Интернетте алдаудың ең көп тараған түрі – «OLX» және «Колеса» сайттарында нарықтағы бағадан төмен сатылатын тауарлар туралы хабарландырулар. Онда жәбірленушінің көбі алаяқтың шотына электрондық төлеу құралы арқылы ақша аударып, алданған. Себебі, онда қолма-қол қаражатты тұлғаны сәйкестендіруді талап етпестен пайдалануға мүмкіндік бар. Жәбірленушілерді алдағана алаяқтар әдетте олармен жеке өзіне емес, әлеуметтік желілер немесе телефон арқылы байланысады. Сатып алуды талқылау кезінде қылмыскерлер жалған құжаттар, мекенжай анықтамаларын пайдаланады. Өзара хат жазысуда сатып алушы бағасын келісіп, ақшаны Qiwi-әмиян арқылы аударады. Ақша аударылған соң, сатушы аккаунтын өшіріп, ізін жасырады. Ғаламторда көп тараған алаяқтықтың тағы бір түрі – жеңіл жолмен ақша табуға уәде беретін аккаунттар. Мәселен, 2018 жылы «Инстаграм» әлеуметтік желісінде алаяқтықтың 125 оқиғасы тіркелген. Онда қаскүнемдер арнайы парақшалар ашып, адамдарды спорттық жарыстарға ақша тігіп, кепілдендірілген ұтысты алуға шақырды. Тартымды хабарламаларға қызыққан азаматтар ақша ұтамыз деп, алаяқтарға қаражатын аударып отырған. Елордада осындай жолмен 150-ден астам азамат алданды.
Дереккөз: https://aikyn.kz