Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел мүддесін ойласақ

Ел мүддесін ойласақ



Бүгінгі таңда еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Ғасыр індетіне айналған бұл мәселе күнделікті күн тәртібінен түспесе де, бұдан әлі күнге дейін айыға алмай отырғанымыз өкінішті. Мемлекеттің дамуына тосқауыл болатын «Бармақ басты, көз қыстылардың» бұл әрекетімен күрес баршамыза ортақ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі емес пе? Бұл туралы әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», – дейді. Сол себепті тағылымды тәрбие беруді ең алдымен балабақшадан бастағанымыз абзал. Балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орнында осы олқылықтардың алдын алуда жұмыстар жүйелі жүргізілсе, болашағымыз кемел болатыны анық.
Қазір телеарна, әлеуметтік желілерден абыройын ақшамен алмастырып, талай жылдар атқарған жұмысы судай аққан абыройсызданғандар, бүгінгі өскелең ұрпаққа сабақ болуы тиіс. Жемқорлар мен парақорлар – қоғамның дұшпандары, жойылуы өте қиын жаулары, еліміздің байлығын астыртын пайдаланып, қоғамымыздың дамуына зор кедергі келтіретіндігін түсінулері тиіс.
Қазақстанның азаматтары өздерінің қажырлы еңбегімен еліміздің дәулетін жасайды. Қазақстан азаматтарына заңдарды орындау, еңбек тәртібін нығайту, тапсырылған іске үлкен жауапкершілікпен қарау, жемқорлықпен күресу міндеті жүктелген. Жемқорлыққа арамызда орын жоқ.

Назира ШОТАЕВА,
Гигант ауылдық округі әкімі аппаратының салық жинауды есепке алу және жастар ісі жөніндегі жетекші маманы.
26 ақпан 2018 ж. 760 0