Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кез-келген маман иесі БАҚ-пен байланыста болуы керек

Кез-келген маман иесі БАҚ-пен байланыста болуы керек

Картинки по запросу "бақ"  Мен ұстаз деген ұлы мамандықтың иесімін. Үнемі іздену мен жаңаруды қажет ететін білім саласында қызмет істеген соң газет-журналдарды жиі оқимын. Одан бөлек, интернет сайттардағы мақалаларға шолу жасап, әр саланың тыныс-тіршілігінен хабардар болып отырамын. Әсіресе, қоғамдағы өзекті мәселе, тағылымы мол танымдық мақала, очерк, эсселерге баса мән беремін. Олардың ішінен ұнағанын, үздігін әлеуметтік желілерге бөлісіп, оқушыларыма қажетті тұсын баяндаймын. Осы қоғамдағы барлық нәрсені оқушыға жеткізіп отыру арқылы оларды сол адамдардың өмір жолын өнеге етуге, қоғамдағы теріс әңгімелерге ермей, дұрыс бағытта, дұрыс тәрбие алсын деймін. Жалпы мұғалім газет - журналды, кітапты көп оқу керек. Мұғалім үнемі ізденісте болуды қажет ететін бірден - бір мамандық. Ұстаз деген атқа лайық болу үшін өзін - өзі тәрбиелеу - әрбір педагогтың басты парызы.
Гүлзира Абдреева
14 ақпан 2020 ж. 675 0