Әжелер әңгімесі – ұлттың өнегесі

Мені де осындай кесек тұлғалар ізін жалғар азаматша болсын деп, бойыма тәрбие мен тағылымды сіңдіріп, жеке тұлға етіп қалыптастыруға өз септігін тигізген Тұрғанкүл әжем десем еш қателеспеймін. Менің әжем де қазақ халқының текті қорына сүбелі үлес қосқан асыл ана. Әжемнің имандылығы, ізеттілігі, ұқыптылығы күнделікті тірлікте көз алдымда болғандықтан, ой санама қонақтап, қазақы дүниетанымымның қалыптасуына ықпалын тигізді. Әжем көркем мінезінің арқасында ибалы келін, ақылды ене бола біліп, қазір де отбасымыздың берекесіне айналған аяулы жан.
Әжем кезінде қазақ әдебиетіне, Абай өміріне деген қызығушылығының зор болғанын айтып отыратын. Қазір де әжемнің сол кезеңдерде орындалмай кеткен асқақ арманына мен қол жеткізудемін.
Бала күнімнен әжемнің ізінен қалмай, таң атқаннан кеш батқанға дейін ертегілерін, тағылымды әңгімелерін тыңдауға құштар болдым. Ең есте қалғаны «Ер Төстік», «Жақсылық пен жамандық» сынды ертегілер мен Қорқыт атаның өмірге келуі, күйлерінің шығу тарихы, нақылдары мен ажалдан қашуы туралы аңыздарды жиі айтып беретін. Әжемнің айтқан ертегілері мен аңыз-әңгімелері арқылы ең алғаш жамандық пен жақсылық, әділеттілік, мейірімділік пен зұлымдық туралы түсініктерді қалыптастыра білдім.Мен үшін әжемнің айтқан әрбір сөзі – баға жетпес байлық. Тәлім-тәрбиесі өмірге деген тағылым деп білемін. Әжемнің ертегілері арқылы жадыма түйген өнегелі сөздерді келешек ұрпақтың санасына қалыптастыра білу – алдағы мақсатым.
Бағила Серікова,
М.Мәметова атындағы Қызылорда педегогикалық жоғары колледжінің
3 курс студенті
М.Мәметова атындағы Қызылорда педегогикалық жоғары колледжінің
3 курс студенті