Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Агроколледж: кәсіпкерлікке кең өріс

Агроколледж: кәсіпкерлікке кең өріс

Биылғы жылдың 28 қаңтар күні Шиелі ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов 60 жылдық тарихы бар Шиелі индустриалды-аграрлық колледжіне атбасын бұрды.

Колледж басшысы М.Дүйсенов келген қонақтарды оқу орнының материалды-техникалық базасымен таныс­тырды. Бұған дейін колледжде «Ферма шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру мақсатында асыл тұқымды 10 бас ірі қара малы алынған болатын. Алдағы уақытта оқу орны мал санын 20 басқа жеткізуді жоспарлап отыр. Осылайша келген қонақтар колледж ұжымының өзін-өзі қаржыландыруға бетбұрыс жасағандығына куә болды. Колледждегі ата-анасынан айырылған білім алушыларға сүт өнімдері, ал жатақхана жастары үшін бесін асына сүтті шай мен тоқаштар, бәліштер тегін беріліп келеді.
Жалпы агроколледж өткен жылдан бастап жылыжайда көкөніс өсіруді қолға алған. Мақсат – студенттерге тек теория жүзінде ғана тәрбие бермей, олардың өндіріс барысындағы жұмысты іс жүзінде орындап, үйренуге бейімдеу. Жылыжайда қазіргі таңда қияр мен қызанақтың екі түрі өсіріліп, бұйырса көктемде алғашқы өнімін жинамақ.
Аймақ басшысы оқу ғимараттарымен танысу барысындаэлектромонтер зертханасындағы «Агидель» үй насосының орамдарын орап, осы бағытта қаржы көзін тауып жатқан білім алушылардың нәтижелі жұмысына ризашылығын білдіріп, шет тілі пәнінің оқытушысы ­Наргиза Болатованың қытай тілінде жасаған мәліметіне оң бағасын берді.
Колледж тігін шеберханасында ұлттық нақыштағы және арнайы киімдер, қолөнер бұйымдары,оқу топтарына әскери киім, өзге де киім түрлері, ерлер майкалары, төсек жаймалары, құрақ көрпешелер, басқа да тапсырыстарды қабылдайды. «Арнайы тігінші»оқу тобының тігінші қыздарымен бірлесе отырып тез әрі сапалы қызметтерімен қаржы көздерін табу жолында үлес қосып келе жатқан өндірістік оқу шеберлері Р.Төлегенова, А.Ертаева, А.Ақылбековалардың еңбектеріне аймақ басшысы жоғары бағасын берді.
Сондай-ақ келген қонақтарға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында білім алушылар мен тарих пәнінің мұғалімдерінен құрылған 4 зерттеуші тобының зерттеу жұмыстары Бала би, Жөлек, Ақмая, Ортақшыл ауылындағы тарихи жерлерінен («Нәнсай қалашығы», «Мортық бекіністі мекені», «Ноғай қорғаны», «Жер асты жолдары», «Хан базары», «Аты аңызға айналған Ақмая көлі», «Қызылтам бекінісі», «Бестібайұлы Кісенбай» молда тарихын) бастау алғандығы жөнінде кеңінен таныс­тырылды.

Бақтияр Дайрақұлов,
Шиелі индустриалды-аграрлы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


01 ақпан 2020 ж. 504 0

Ұқсас жаңалықтар: