Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Агенттік "Бақауов қамауға алынды ма?" деген сауалға жауап беруге дайын емес

Агенттік "Бақауов қамауға алынды ма?" деген сауалға жауап беруге дайын емес

BAQ.KZ. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде GRECO ұйымының ресми өкілі Джанлука Эспозитоның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Брифинг барысында "Павлодар облысының әкімі ұсталғаны" жөнінде ақпарат беруін сұраған тілішілерге Агенттік өкілдері "әзірге қандайда бір ақпарат жоқ" екенін айтып, жауап бермеді. Алайда, бұл сауал шетелден келген GRECO хатшысына қойылды.

"Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі GRECO ұйымының стандарттарына сәйкес құзырлы орган осындай шұғыл сұрақтарға жедел жауап беруге тиісті ме және Еуропода бұл қалай іске асырылады?" деген тілшінің сауалына Джанлука Эспозито жауап берді.

Иә, бізде арнайы стандарттар бар. Бірақ, ол стандарттардың тергеу ісіне еш қатысы жоқ. Бұл жерде тиісті мемлекеттің жемқорлықпен күресетін ұлттық ведомствосы шешеді. Сол себпті, бірінші сұраққа жауап беруге құзыретті емеспін. Бұл істің мән-жайы туралы хабарым жоқ. Егер бізге осындай сауалдар келіп түссе, GRECO қандай да бір нақты істің тергеу жұмыстарына араласпайды, - деді GRECO хатшысы.

Эспозито Павлодар облысының әкіміне қатысты сұраққа жауап бере алмайтынын жеткізді. Бірақ, GRECO-ның елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалай жүзеге асырылып жатқанын қадағалайтынын айтты.

Дегенмен де, әрбір елге баға беру процесі кезінде сол елдегі мемлекеттік қайраткерлердің қызметіне қатысты тергеу істері бойынша қалай және қайтіп жұмыс істегеніне анализ, яғни талдау жүргіземіз. Яғни, біз жүйенің қалай жұмыс істейтінін бақылаймыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалай жүзеге асырылып жатқанын қадағалаймыз, - деп түсіндірді шетелдік сарапшы.
16 қаңтар 2020 ж. 484 0