Қай өңірдің денсаулық сақтау саласында жемқорлық қылмысы көп?
Денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа батқан өңірлер аталды. Елордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында агенттік төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла осылай деп мәлімдеді. «2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін медицина қызметкерлеріне қатысты 254 қылмыс тіркеліп, 77 адам сотталды. Біздің еліміздегі ең жемқорлыққа шалдыққан аймақтар Қызылорда қаласы – 29 оқиға, елормызда да көңіл қынжылтатын дерек көп – 23, Маңғыстау, Қарағанды, Түркістан облыстарында – 20-дан астам оқиға тіркелген. Жалпы, біз анықтаған оқиғалар бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстардан келген залал мөлшері 855 миллион теңгені құрады, оның жартысынан көбі өтелді»,– деді Шыңғыс Қабдула. Ол бұл саладағы сыбайлас жемқорлық фактілері денсаулық сақтау нысандары құрылысының сапасына, мемлекеттік сатып алу процедураларына, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға, жұмысқа орналастыруға, рұқсат қағаздарын, медициналық анықтамаларды беруге байланысты тіркелгенін айтты.