Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » GRECO Әбілязов пен Храпуновты елге қайтару жөнінде: Әр жағдай жеке қарастырылады

GRECO Әбілязов пен Храпуновты елге қайтару жөнінде: Әр жағдай жеке қарастырылады

BAQ.KZ. Елімізде қыруар қаржыны жымқырып, шетелде қашып жүрген қазақстандық азаматтарды елге қайтару үшін ГРЕКО қандай көмек көрсете алады? Іздеу салынған Әбілязов пен Храпуновты экстрадациялауға, яғни "қолға түсіруге" ұйымның пайдасы тие ме? Осы жөнінде қойылған сауалға GRECO атқарушы хатшысы Джанлуко Эспозито брифинг барысында жауап берді.

Әр жағдай жеке қарастырылады. Экстрадицияны алу үшін екі жол бар, өйткені Қазақстан тиісті мемлекетпен ұстап беру туралы екіжақты келісім жасай алады немесе нақты халықаралық шартқа немесе келісімге қол қояды. Екінші нұсқа – жақсырақ. Себебі көпжақты келісімде – оны бірқатар елдер қабылдайды. Яғни, бір сөзбен айтқанда, бір оқпен екі нысанаға дөп тиюге болады, - дейді ГРЕКО басшысы.

GRECO атқарушы хатшысы Джанлуко Эспозито Еуропалық Кеңестің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тобы (GRECO) жеке істерге немесе жеке тұлғаларға қатысты мәселелерді қарастырмайтынын мәлім етті.

Конвенцияны (Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы – ред.) ратификациялау болашақта қашқындарды ұстап беруді жеңілдететін маңызды қадам болады. Әсіресе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тергеуге алынған адамдарға қатысты. Конвенцияға қосылу үшін GRECO-ға мүшелік ету өте маңызды рөл атқарады, - деп атап айтты Эспозито.

Тілшінің сұрағына жауап бере отырып, ол егер Қазақстан Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауаптылық туралы конвенциясына қосылса, "саяси баспана қазақстандық кәсіпкерлерге, шенеуніктер мен белсенділерге көмектеседі ме?" деген сауалға "Барлық істер мен кейстер, я болмаса жекелеген тұлғалар жөнінде қандайда бір теория құру аса күрделі" дегенді айтты.

Өздеріңізге мәлім, 9 қаңтарда Қазақстан ресми түрде ГРЕКО ұйымына мүше болып қосылды деген ақпарат жарияланған болатын. Дәл сол күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов "ГРЕКО-ға мүше болу Рысқалиев, Әблязов және Храпуновты экстрадациялауға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді ол.

Бұл орайда, аталмыш халықаралық ұйымның не үшін және қандай мақсатта құрылғынына тоқталып өтсек.

Еуропалық Кеңестің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тобы (GRECO) алдыңғы қатарлы еуропалық стандарттарға негізделген мүше елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіру мақсатында 1999 жылы құрылған болатын. GRECO әлемнің 49 мемлекетін біріктіреді. Атап айтсақ, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Швеция, Норвегия, Түркия және тағы басқа елдер. Посткеңестік кеңістікте GRECO құрамына Ресей, Әзірбайжан, Грузия, Украина, Молдова, Беларусь кіреді. Енді, міне, біз де ресми түрде ұйымға мүше елдердің қатарына қосылдық.
16 қаңтар 2020 ж. 26 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (8759)

25 қаңтар 2020 ж.

№5 (8758)

21 қаңтар 2020 ж.

№4 (8757)

18 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам