Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Таэквондошылар бағындырған белес

Таэквондошылар бағындырған белес

Жуырда Астана қаласында өткен таэквондодан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өткен болатын. Осы додада №10 Шиелі ауданы балалар жасөспірімдер спорт мектебінің балуандары 6 күміс, 5 қола медальды қанжығалап қайтты.
Таэквондо спортының келешегі еліміз бойынша қарқынды дамып келеді. №10 Шиелі ауданы балалар жасөспірімдер спорт мектебінде күн санап жас спортшылардың қатары көбеюде. Астана қаласында таэквандодан өткен ҚР чемпионатында Н.Сағындықова, А.Сағындықова, С.Айқынбай, Н.Кеңесбек, А.Ермекбаева, Н.Тұрсынбай ІІ орынды иеленсе, Н.Темірбай, Е.Темірбаев, Ұ.Егізбай, М.Жомартбекұлы, Н.Кенжебек ІІІ орынды мүсе тұтты. Осы чемпионатта жаттықтырушы Ү.Төлегенова спорт шеберлігін орындаса, ересектер арасындағы ҚР кубогінде Ботагөз Қапанова І орынды иеленіп, 2020 жылы Азия чемпионатына жолдама алды. А.Айтуаров басшылық жасайтын спорт мектебінің бұл алғашқы жетістігі емес. Жерлестеріміз бұл жолы да жерге қаратпады.

Г.ДҮЙСЕБАЙ
07 желтоқсан 2019 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031