Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ОНЛАЙН-КЕҢЕС БЕРІЛЕДІ

АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ОНЛАЙН-КЕҢЕС БЕРІЛЕДІ



Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.«Мемлекет басшысының алдымызға қойып отырған Цифрландыру бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының форматын тұтастай өзгерту үшін ұсыныс дайындауда. Нәтижесінде келесі жылдан бастап кәсіпкерлер онлайн қызмет алатын болады», - деген палата басшысы облыстағы жаңашылдықпен де бөлісіп өтті.
«Осы жерде айта кететін және бір жайт. Қазір кәсіппен айналыссам, үйренсем, білсем дейтін ауыл азаматтарының қатары артты. Дегенмен, барлығының бірдей аудан немесе облыс орталығына келіп, біздің қызметке жүгінуге мүмкіндігі бола бермейді. Енді азаматтардың өз ауылынан шықпай-ақ, ауылдық округ әкімінің кабинетінен біздің кеңесшілерімізбен скайп жүйесі арқылы қосылып, онлайн-кеңес алуға жағдай жасайтын боламыз», - деді.
Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерімен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеруді де жоспарлап отыр.  Бұл туралы Ғалымбек Жақсылықов: «Оқытуға қатысты және бір мәселе, бүгінде елімізде кәсіпкерлік саласы бойынша басқарушы кадрлардың дайындық және даму деңгейі өз дәрежесінде емес. Қазіргі жылдам өзгерістер жағдайында заманауи басшыдан стратегиялық ойлау және стандартты емес шешімдер қабылдау талап етіледі. Бүгінде мұндай талаптар тек үлкен қалалардың басшыларына ғана емес, шалғай, ауылдық жерлердегі басшыларға да қолданылуда. Жоғарыда айтылған мәселені шешу үшін облыс әкіміне бірлесіп, жоғары және орта буын менеджерлеріне, яғни мемлекеттік қызметкерлер және де облыс кәсіпкерлері арасындағы кәсіби басқарушыларға арналған оқуларды ұйымдастыруды ұсындық. Ол үшін осы жоба аясында оқуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлерге жоғары дәрежедегі білім беру ұйымдарынан шақырылған кәсіби бизнес-тренерлер теориялық және практикалық дәрістер өткізетін болады. Бүгінде бұл жобаның ұйымдастырушылық кезеңі аяқталып, оқу процесін бастауға дайындық жүріп жатыр», - деді.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі  
12 ақпан 2018 ж. 1 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930