Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлер палатасы күріш қауызын кәдеге жаратуды ұсынуда

Кәсіпкерлер палатасы күріш қауызын кәдеге жаратуды ұсынуда

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі мүшелерінің алдында атқарылған жұмыстарға есеп берген Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов агроөнеркәсіптік кешен саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, ұсынысын да жеткізді.
Палата директорының айтуынша, бүгінгі күні облыста ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасайтын 7293 субъектілер тіркелген, онда 34 144 маман жұмыспен қамтылған.
Соңғы 2 жылдың көлемінде аймақта 3051 заңды және жеке тұлғалардың басын біріктірген 249 бірлік ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды. Соның ішінде 110-нан астам кооперативтер өңірлік палатаның сүйемелдеу жұмыстарының көмегімен құрылған.
Палатаның жобаларды сүйемелдеуі нәтижесінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалынан 31 кооператив (928  заңды және жеке тұлғалар) 3,2 млрд. теңгеге, сонымен қатар «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нан 10 кооператив (211 заңды және жеке тұлғалар) 152,4 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Ғалымбек Жақсылықов хабарламасы барысында саладағы мәселелерге де тоқталып өтті.
Оның айтуынша, Қызылорда облысында 2017 жылы шамамен 530 мың тонна күріш жиналған. Күріш өңделгеннен кейін 17-20 пайызы қауызы шығатыны белгілі, сонда 90-100 мың тонна қауызы далада өртеледі немесе бос жерлерге қоқыс сияқты тасталып жүр. Сол күріш дақылдарын өңдегеннен кейін қалатын күріш қауыздарында лигнин деген зат болады. Лигнин дегеніміз (лат.lignum-ағаш) түтікті өсімдіктердің жасушасында кездесетін күрделі полимерлі қосылыс. Күріш қауызының 70 пайызын қоректі заттар, 10 пайызын әртүрлі дәруменді заттар құраса, 20 пайызын осы лигнин құрайды. Лигниннің ең басты зияны малды азық ретінде қолданғанда тітіркендіреді, күн көзіне бұзылмайды және топырақа түскенде шірімейді.
Палата басшысы Ғалымбек Жақсылықов: «Лигниннен құтылудың екі ғана жолы бар: күріш қауызын майдалап турау және  қатты қысыммен қысу арқылы формасын бұзу. Ізденіс нәтижесінде, Оңтүстік кореялық компанияда күріш қауызын түрлендіретін қондырғы бар екенін білдік. Бұл қондырғыда лигниннен құтылудың 2 түрі де бар, яғни майдалап турау және қатты қысыммен қысу арқылы күріш қауызының лигниндік байланысын бұзып, күріш қауызының қасиеттерін өзгертуге болады. Нәтижесінде пайда болған күріш қауызы оңай шіриді, мал азығына қоспа ретінде пайдаланғанда мал тітіркенбей жейді және асқазанда жеңіл қорытылады. Бұл қондырғыны Оңтүстік Кореялық күріш өңдеушілер кеңінен қолданады. Қызылорда облысындағы бірнеше компания осы қондырғыны сатып алуға ниетті, бірақ бағасы қолжетімді емес (100-180 мың евро). Өңіріміздің экологиялық проблемаларының бірі болып табылатын күріш қауызын кәдеге жарату мәселесінің жалғыз шешімі ретінде отандық күріш өңдеушілерге күріш қауызын түрлендіретін DPX-30 қондырғысын ұсынған болар едік. Сонымен қатар, күрішшілерді аталмыш қондырғыны алуға ынталандыру мақсатында, қондырғы құнының 50 пайызын субсидиялау мәселесін көтеру туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсыныс беріп отырмыз», – деді.
Жоғарыда аталған технологиямен күріш қауызын өңдеген жағдайда, күріш компанияларының кірісі өсіп, экологиялық мәселе шешіліп, тиісінше бюджетке салық кірісі өседі екен.
Кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан қажетті құрал-жабдықты жеткізуші кореялық, қытайлық және германиялық жетекші компаниялармен байланыс орнатып беруге дайын екендіктерін жеткізуде.
09 ақпан 2018 ж. 1 042 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930