Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы 7 қыркүйекте марапатталады

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы 7 қыркүйекте марапатталады

24.kz Өңірлік байқаулардың 17 финалист-жеңімпазы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты атағына үмітті.

«Мерейлі отбасы» байқауының қорытындылары жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асады.

«Қазақстандықтар 30 тамыздан басталған тікелей дауыс беруге ұлттық байқаудың лауреатын анықтауға 6 қыркүйекке дейін смс және интернет арқылы қатыса алады», – деді ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографилық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлеймен.

Дауыс беру қорытындылары 7 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында байқаудың жеңімпазын салтанатты марапаттау рәсімінде шығарылады. 

Айта кетсек, «Мерейлі отбасы» байқауы 2013 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен бекітілген болатын.

«Алты жылда байқауға 15 197 отбасы қатысты. Барлық қатысушылар санының 62%-ы – ауылдық жерлерден келген отбасылар, 36%-ы – көп балалы отбасылар, 18%-ы – жас отбасылар», – деп тоқталып өтті Л.Сүлеймен.
05 қыркүйек 2019 ж. 1 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930