Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өлі қала

Өлі қала

Батыс Шпицбергенде орналасқан Лонгйир қаласының аумағында «адамның өлуіне тыйым салынған». Мұнда 2000-нан аса тұрғын өмір сүреді. Әрине, кез келген уақытта адамның өліп кетуі әбден мүмкін болғанымен, мұнда адам жерлеуге тыйым салынған. Сондай-ақ бұл жерде ешкім сәбиін дүниеге әкеле алмайды. Аяғы ауыр әйелдер «Үлкен жерге» оралады. «Бұл мекен өзінше бөлек әлем болғандығы соншалық – онда бар проблема артта қалады», – дейді польшалық фотограф Доминика Гешицка (Dominika Gesicka). Гешицка бұл жерге алғаш рет 2015 жылы келіп, кейіннен қаланы суретке түсіру үшін «Бұл шынайы өмір емес» деген фотожоба арқылы бірнеше рет қайта оралған. Мұнда полярлық аюлар өмір сүретіндіктен, адамдар серуенге шыққанда мылтық ұстап жүруге мәжбүр.
Қалада мысық, ағаш, бағдаршам дегендер атымен жоқ. Қысқы уақытта поляр түні төрт айға созылады, ал сәуір айының ортасынан бастап тамызға дейін – полярлы күн.Бұл елдің өмір сүруге қолайсыздығына қарамастан, мұнда келіп, бес-он жылға қалып қалғандар бар екен.


26 тамыз 2019 ж. 782 0