Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы ұзарып келеді

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы ұзарып келеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Бірыңғай Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығының ұлғайып келе жатқандығын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2017 жылғы мәліметтерге сүйенсек, адамның туғаннан бастап орташа өмір сүру жасы - 73 жас. Ерлер орта есеппен  - 69 жыл, ал әйелдер 77 жыл өмір сүреді. БЖЗҚ  шетелдік  сарапшылардың көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Соның нәтижесінде 2017 жылы қазақстандық ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 81-ге жетсе, әйелдер 82,2 жасқа жеткен. Яғни, бұл зейнетке шығу жасынан соң 18 жыл өмір сүреді деген сөз. Демографиялық қартаю шкаласына сәйкес, елде 60 жастағы әрі одан үлкен жастағы адамдардың үлес салмағы 12% болған жағдайда ғана халықтың демографиялық қартаюы тіркеледі. Қазақстанда қазір бұл көрсеткіш 11,3% болып отыр.
inform.kz
14 желтоқсан 2018 ж. 1 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31