Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 105 жас?! Одан да ұзақ өмір сүру мүмкін бе? – The Guardian

105 жас?! Одан да ұзақ өмір сүру мүмкін бе? – The Guardian





Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелерінен белгілі болғандай, адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 105 жасқа жете алады. Бірақ бұл көрсеткішке адамзат жақындап қалды ма? The Guardian басылымы жариялаған мақалада автор осы сұраққа жауап беруге тырысады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жоғарыдағы суретте ең ұзақ өмір сүрген франциялық әйел Жанна Калмент бейнеленген. Ол 1997 жылы 122 жасында қайтыс болған. Ол ресми мәліметтер негізінде ең қарт адам саналған еді. Бүгінгі таңда өмір сүру жасы артып жатқанымен, бұл рекордқа әлі күнге ешкім жете алмады. Сондықтан да болар, бұл жастан артық өмір сүру мүмкін емес деген қатып қалған қағида да пайда болған болатын. Бірақ соңғы жүргізілген зерттеу нәтижелері бұл ойды жоққа шығарып, пікірталасты арттыра түсті.
Өмірдің біз қашып құтыла алмас заңдылығы сол – адам қартайған сайын өлім жақындай түседі. Бірақ ғалымдар жүргізген жаңа зерттеуде 105 жасқа жеткен соң адамда өлу қаупі азая түседі екен.
Зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, қартайған сайын өлім қаупі артқанымен, 80 жастан кейін бұл көрсеткіш тұрақтап, тіпті, 105 жастан кейін кеми бастауы мүмкін. Бұл жаста адамның өлу қаупі елу де елуді құрайды.
«Бұл жыл сайын өзгеріп отыруы мүмкін», дейді Германиядағы Макс Планк атындағы демографиялық зертетулер институтының профессоры, қартаю проблемасының маманы және ғылыми мақала авторларының бірі Джим Воупел.
Бұл зерттеу ғалымдардың екі тобы арасындағы пікіталасты жандандыра түсті. Олардың бірі адамзаттың орташа өмір сүру жасы ұзарып келе жатыр десе, екінші топ адамның орташа жас көрсеткіші өзгермейді деген пікірді ұстанады.
Воупелдің командасы жүргізген зерттеуде 2009-2015 жылдар аралығында Италияда тұрған 105 жастан асқан адамдардың өмір көрсеткіштері негізге алынған. Олардың айтуынша, бұл жағдайдың тұрақтанып жатқанын көрсетеді.
«Өлім жасы тұрақты болса, адамдардың көбі қарттыққа жетіп жатса, жағдай өзгереді», дейді Воупел.
Бұл зерттеу қай жерлерде халықтың өте ұзақ өмір сүретініне байланысты жүргізілген алғашқы ізденіс емес. Дегенмен, бұған дейін ғалымдар зертету жұмыстары барысында туу туралы көрсеткіштерді мүлдем есепке алмаған. «Ең қарт адамдар арасында жасына байланысты айтылатын нақты емес деректер өте көп», делінген Science журналында жарияланған мақалада.
Демографиялық мәліметтерге сенсек, 68 жаста адамның өлу қаупі 2 пайызды қамтып, 76 жаста 4 пайызға, ал 97 жаста 30 пайызға жетеді екен. Яғни, әр сегіз жыл сайын адамның өлу қаупі артып отырады. Бұл ғылымда Гомперц заңы деген атаумен танымал құбылыс. Оған сәйкес 111 жаста адамның өлу қаупі 100 пайызға жетеді. Дегенмен, соңғы зерттеулерде белгілі бір жаста өлу қаупі артпай, керісінше, кеміп отырады екен. Ал бұл жасқа жетпей қайтыс болғандар – адамдардың әлсіздері. Ал онымен жасты бірақ өмірін жалғастырып жатқан адам одан мықтырақ қалыпта қалады.
Әрине, биологиялық факторлар да белгілі бір деңгейде әсер ете алады. Мысалы, рак ең қарт адамдар арасында аз болады. Себебі қартайғанла клеткалардың бөліну жылдамдығы кемиді.
«Рак – 70, 80, 90 жастағы адамдардың өлуіне себеп болуы мүмкін. Бірақ 100 жастан асқандарға бұл қауіпті ауру емес», дейді Воупел.
Ағылшын тілінен аударған Алтынай Қуанышбек

Baq.kz сайты
16 шілде 2018 ж. 1 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930