Сіз білесіз бе?
Әлемде бір уақытта қаншама оқиғалар, үдерістер орын алуда. Оның барлығы қаншалықты қарапайым болғанмен, соншалықты күрделі. Адам – жер шарындағы өзіндік мақсат, міндеті бар нар тұлға. Өмірдегі ең маңызды құндылық адам туралы қызықты деректер топтамасын сіз де біле жүріңіз...
• Адам қабырғасы 1 жыл ішінде 5 миллион рет қозғалыс жасайды.
• Адам қаңқасы әр 3 ай сайын өзгеріп отырады.
• Адам сусыз 2-3 күннен артық өмір сүре алмайды
• Адам ұялып қызарғанда онымен бірге асқазаны да қызарады екен.
• Адам баласы бүкіл өмірінде 35 тонна тамақ ішеді.
• Адам ұйықтап кету үшін орта есеппен 7 минуттай уақыт қажет.
• Адамның мұрны мен құлағы өмір бойы өсіп отырады.
• Қалада өмір сүретін адам ғұмырының 2 апта уақыты бағдаршам түсінің ауысуын күтуге кетеді.
• Ағза үшін 1 рет 8 сағат ұйықтағаннан гөрі, 2 рет 4 сағаттан ұйықтаған пайдалы.
• Кәдімгі адамның көзі 160-қа жуық түстерді ажырата білсе, жаттыққан суретшінің көзі 10 мыңға жуық түс пен реңкті ажырата алады.
• Темекі шегетін адам орта есеппен өмірінің 22 жылын жақсы өмір сүруге болатын уақытын зая кетіреді.
• Адамның көзі 60-80 минуттан кейін қараңғылыққа толық бейімделеді.
• Әйелдер еркектерге қарағанда көзін 2 есе жыпылықтатады.
• Төрт жасар бала күніне 400-ге жуық сұрақ қояды.
• Адам баласы көзін жұмбай түшкіре алмайды.
• Әлемде 7% солақайлар өмір сүреді.
• Орта есеппен алғанда адамның басында 100000-нан 120000-ға дейін шаш болады.
• Әдетте адамның шашы аптасына 3,5 мл ұзарады. Ал, тырнақ аптасына 2,5 мм өседі. Көбірек қимылдайтын қолдың тырнақтары жылдам өседі.
Жұлдызай
Ноғайбайқызы.