Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында күрішке орақ түсті

Қызылорда облысында күрішке орақ түсті

Биыл Сыр өңірінің басты дақылы өткен жылғыдай 88 мың гектар жерге егілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ жиналатын өнім көлемі былтырғыдан әлдеқайда көп болады деп болжанып отыр. Егіннің бітік шығуына судан тапшылық көрмей, ауа райының қолайлы болуы септігін тигізіп отыр. Сынақ ретінде егілген отандық жаңа күріш сұрпы – «Сыр сұлуының» да шығымы ойдағыдай, - дейді диқан қауым. Мамандар жаңа тұқым Қызылорданың қатаң климатына төзімді әрі өнімділігі өте жоғары деп баға беріп отыр. Ең бастысы суды аз қажет етеді және тез пісіп-жетіледі. Ресейлік сұрыптарға басты бәсекелес осы «Сыр сұлуы» болмақ.

Қылышбек Сүлейменов, шаруашылық бригадирі:

– Ресейдің сортына қарағанда өнімділігі, көктеп шығуы жылдам, тез басын көтеріп, қатарға қосылып кетеді. Әр центнерден 70-75 центнер күтіп отырмыз. Дәні бұрынғы сорттардың сабағында 32 болса, бұл сортта 36 болады. Мың дәні 3600 кг болып есептеледі.
26 тамыз 2019 ж. 649 0