Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында күріштің тез пісетін түрлері өсірілуі мүмкін

Қызылорда облысында күріштің тез пісетін түрлері өсірілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат -Биыл қармақшылық диқандар 24 мың гектар егіс екті. Оның 14 мың гектары күріш, деп хабарлайды Хабар 24. Өнімі ойдан шыққан ауылдардың бірі - Дүр Оңғар. Мұндағы мамандар тұқым сапасына ерекше мән берген. «Ауа райымызға, осы облысымыздың климатына ыңғайлы 90 күнде піседі, соған ыңғайлап осы күрішті егіп жатырмыз. Қазір көбіне шаруашылығымызда осы «Лидер» күрішін егеміз», - дейді шаруашылық бригадирі Данияр Құлмағанбетов. Жаңа тұқым түрлерін Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш зерттеу институты да сынақтан өткізуде. Соның ішінде отандықтан бөлек ирандық 4 сұрып бар. «Күріштің тез пісетін сұрыптарын енгізуге тиістіміз. Қазір енді оған байланысты институт өз тарапынан жаңа сұрыпты шығарып жатыр. Енді биылғы жылы сынақтан өткізсек, келесі жылы өндіріске енгіземіз. «Сыр сұлуы», «Әйгерім» деген сұрыптар болашағы бар сұрыптар болып есептеледі. Одан бөлек Иранның «Төрем Хошеми» сұрпын көлемін көбейттік. Келісін 900 теңгеден өткізу мәселесі қолға алынды. Осыған байланысты осы сұрыпты көбейтіп, әрі қарай нарығын табамыз ба деп ойлап жатырмыз»,- деп атап өтті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов. Тұқым жеткілікті болғанымен, тіршілік нәрінен тапшылық туса, еңбек еш кетеді. Биыл облыстың Жаңақорған және Қазалы аудандары үшін ақ маржанды күтіп-баптау қиынға соқты. Оның басты себебі Сырдарияның деңгейі төмендеп, су жетпей қалды. Ауа райы да қолайсыздық танытты. «Сондықтан суды үнемдеу үшін ғылыми тұрғыда дәлелденген жаңа технологияларды егін шаруашылығына енгізу уақыт талабы», - дейді мамандар. «Аквасармент деген қоспа бар. Биыл осы қоспаларды қосса, көктемде азды-көпті жаңбыр болса, сол жердің ылғалдылығын сақтап қалатындай сондай мүмкіншілік бар. Біздің Қызылорда облысының барлық жеріне емес, Қаратаудың бөктерінде, Шиелі ауданында, әсіресе мал азығын суарусыз жағдайда егіп көруге болады. Біз сол бағытта соны қолға аламыз деп жұмыс жасап жатырмыз» - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов. Дегенмен су тапшылығын болдырмаудың бірден-бір жолы Шиелі ауданынан «Күміскеткен» су қоймасын салып, Қараөзек арнасындағы тоғанның құрылысын жедел бастау қажет. Оның техника экономикалық негіздемесін жасауға облыстық бюджеттен қаржі бөлініп те қойылған. Қос жоба жүзеге асса, 2 млрд текше метрден астам суды осы арналарда жинап қалуға болады. Мамандар Сыр өңірінде суармалы суды үнемдеу және тиімді пайдалану бойынша толық шаралар кешенін енгізу қажет екенін айтады. 

www.inform.kz
11 қыркүйек 2018 ж. 1 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930