Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тянь-Шаньндағы альпинистерге іздеу салынды

Тянь-Шаньндағы альпинистерге іздеу салынды

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет айтты.
«Қазақстандық альпинистерді құтқару операциясы ауа-райы жақсарғаннан кейін басталады. Қазіргі уақытта Тянь-Шаньның төменгі тауларында жаңбыр жауып, таулы жерлерде қар жауып жатыр. Сонымен бірге қырғыз альпинистерінің тобы бірлескен іздеу жұмыстарына дайындалған», - деді Нұрахмет.
Оның айтуынша, қазақстандық альпинистердің жоғары білікті құтқару тобы Алматы облысындағы Қарқара базалық лагеріне 19 тамыз күні түсте 13.20 шамасында келді. Альпинистерді Қырғызстанға әрі қарай көшіру үшін Ми-171 Казавиаспас бортына дайындалған.
Еске сала кетсек, бұған дейін алматылық екі альпинистің Қырғызстанда Тянь-Шань тауларында қар құрсауында қалып қойғанын хабарлаған едік. Олардың туыстары іздестіруге көмек сұрады. Тау басында қалған альпинистердің жағдайына қатысты СІМ түсініктеме берді.
https://stan.kz​​​
19 тамыз 2019 ж. 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

№29 (9396)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (9395)

18 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930