Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу орнындағы келелі кездесу

Оқу орнындағы келелі кездесу

М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде облыстық ассамблея мүшелерінің қатысуымен Елбасының Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.
Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Раиса Смаханова, ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Информатика, есептеу техникасы және жүйелер» кафедрасының оқытушысы Гүлжанат Бекетова, колледждің оқытушылар мен студенттері қатысты.
Жолдауды насихаттау ниетінде жиналғандар бірнеше мәселеге тоқталды. Әсіресе, латын қаріпіндегі әліпбиге көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатындығын, Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен жақындасуына мүмкіндік беретіндігін алға тартты.
Татар этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі, Аналар кеңесінің төрайымы Р.Смаханова: «Ең бастысы түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуімізге латын тілі алтын көпір болмақ. Әрине, қиындықсыз, кедергісіз шаруа бітпесі анық. Бірақ осының бәрі болашақ үшін зор прогреске апаратыны сөзсіз», – деді.
Ал, ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Г.Бекетова «Бүгінде еліміз үшінші жаңғыруға сәтті қадам басты. Халқымыз рухани жаңғыра отырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуы қажет», – дей келе Елбасының кезекті Жолдауы білімнің жаңа көкжиегіне жетелейтіндігіне тоқталып өтті. Кездесу соңы пікір алмасуға ұласты.

Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
09 ақпан 2018 ж. 1 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930