Әлеуметтік-экономикалық дамудың жартыжылдық көрсеткіші
Бүгінде ауданда 82507 тұрғын бар. Жыл басынан бері қаңтар-наурыз айларында 735 нәресте шыр етіп дүниеге келсе, 198 адам мәңгілік сапарға аттанған. Ауданнан 2820 адам қоныс аударса, 2391 тұрғын көшіп келген. Сонымен қатар күнкөріс деңгейінің ең төменгі жалақы мөлшері 27905 теңгені құрап отыр.
Ауданда мал саны да едәуір артқан. Мәселен, ірі қара 58192 бас, қой 72816 бас, ешкі 26482 бас, жылқы 17613 бас болса, ал түйенің саны 1524-ке жеткен.
Соған қарай өндірілген ет пен сүт көлемі де артып отыр. Ауданда жыл басынан бері 761 заңды тұлға тіркелген. Бүгінде оның 615-і жұмыс істеп тұр.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар – 21570627 мың теңге. Соның ішінде республикалық бюджет–2057029 мың, жергілікті бюджет–203272 мың, меншікті қаражат – 162380 мың, банктердің кредиттері – 3072069 мың теңгені құрап отыр.
Айта кетейік, аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі – 10488552 мың теңге болса, тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар – 1270427 мың теңгені құрайды. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі –13639 млн теңге, өндеу өнеркәсібі өнімінің көлемі – 3728 млн теңге болып отыр. Биылғы жылда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы – 121260 теңгені құрайды.
Н.ҚАЛЫБАЕВА,
аудандық статистика басқармасының
басшысы