Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтқарушылар ұйымдастырған акцияға 400-ге жуық балақай қатысты

Құтқарушылар ұйымдастырған акцияға 400-ге жуық балақай қатысты


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары «Ауғанстандағы соғыстың ардагерлері» қоғамдық ұйымымен бірлесіп, балаларға арналған танымдық іс-шаралар өткізді. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады. 

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл іс-шараларға Өскеменнің іргесіндегі «Зоя» балалар сауықтыру лагерінде жазғы каникулдарын өткізіп жатқан 400-ге жуық балақай қатысты. Акция аясында балалар құтқарушы, өрт сөндіруші, парашютпен секіруші сияқты мамандардың қызметімен жақынырақ танысып, бірнеше байқауға қатысуға мүмкіндік алды. Жалпы алғанда, лагерьде бес түрлі байқау ұйымдастырылды.
"Мұндай іс-шаралар кейінгі ұрпаққа қызықты, ең бастысы пайдалы болатынына сеніміміз мол. Өйткені, бұл жерде балалар іс жүзінде өзінің және басқаның өмірін сақтап қалуға көмектесетін іс-қимылдарды үйренеді", - дейді облыстық ТЖД маманы Анастасия Скляр.
26 шілде 2019 ж. 767 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031