Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада аса қауіпті 14 жұқпалы ауруға қарсы күрес аяқталды

Қызылордада аса қауіпті 14 жұқпалы ауруға қарсы күрес аяқталды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы егу жоспары толық орындалған. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтында хабарланды.

Қызылорда облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте жұқпалы ауруларға қарсы бөлінген ветеринариялық препараттар облысқа 99,9% жеткізілгенін айтты.
«Жануарлардың энзоотиялық ауруларына МІҚ тейлериозы мен пироплазмозы, уақ малдың бауыр құрты, түйенің трипаносомозы, жылқының гастрофилезі жатады. Оған қарсы дәрі-дәрмек сатып алуға соңғы жылдары облыстық бюджеттен тұрақты қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Бүгінгі таңда қажетті ветеринариялық препараттар жеткізіліп алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде», - деді басқарма басшысы.
Қазірде істің мән-жайын анықтау үшін басқарма тарапынан облыстың эпизоотиялық картасы жаңартылған. Соның нәтижесінде облыс көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелмей, эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отыр.
Айта кету керек, ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары арқылы 6 айда 6411 МІҚ, 1074 уақ мал, 1295 жылқы, 155 түйе, 52 шошқа ұшасы, 70933 партия балық сараптаудан өткізіліп, тұтынушыларға сатуға рұқсат етілген.
26 шілде 2019 ж. 1 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930