Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасқырға ұқсас аңмен бірге намаз оқыған наиб имам жұртты таңғалдырды (фото)

Қасқырға ұқсас аңмен бірге намаз оқыған наиб имам жұртты таңғалдырды (фото)

Қасқырға ұқсас аңмен намаз оқыған ер адамның суреті әлеуметтік желіде тарап кетті. Адам сенгісіз таңғажайып оқиғаға Қарағанды облысында болған. Аудио жазбада иен далада намаз оқыған азаматтың қасына қасқырдың келгені айтылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.



Аз ғана уақытта ғаламтор кеңістігіне тараған қасқыр мен ер адамның суреті желідегілерді таңғалдырды. Оқырмандар намаз оқыған ер азаматқа қарайлап тұрған аңды - Алланың құдіретіне балады.
"Алланың құдіретін қараңыз! Адам баласына жоламайтын даланың тағысы адаммен намазда! Оларды күшік кезінен асырасаңыз да адамға үйренбейтін жыртқыш. Бауырымыз намаз оқып отырғанда жанына келген. Намаз оқып біткенше жанында жатқан. Аналық қасқыр.Нұржан намазын бітірген соң құшақтап фотоға түскен. Мүмкін күшіктеріне жәрдем сұрап келген болар. Керемет көрініс. Аңшылар болса біледі, бұл асыранды қасқыр емес. Түзде жүрген дала қасқыры. Қиямет жақындаған сайын Алланың осындай дәлелдері келе береді ғой", - деген желіде тараған аудио жазбада.


Қасқырға ұқсас аңмен бірге намаз оқыған ер азамат Қарағанды облысына қарасты "Бала Қажы" мешітінің наиб имамы болып шықты. Аталмыш жағдайды мешіт имамы да растап отыр.
"Оқиғаның болғаны рас. Суреттегі кісі - менің наиб имамым. Жақында ғана еңбек демалысына шығып, ауылына кеткен еді. Оқиға екі-үш күн бұрын Ағадір станциясы маңындағы төбелердің үстінде болған. Наиб имам серуендеп далалықта жүргенде намазға тұрған. Қасқыр сол кезде келген", - дейді "Бала Қажы" мешітінің имамы Махмуд Нұрұлы
Ал наиб имамның өзі жыртқыштың Алланы тануы үлкен ғибрат екенін айтып отыр.
"Намаз оқып жатқан кезімде қасыма келді. Намаз біткенше күтті. Ол ит па қасқыр ма өзім нақты білмеймін. Ең бастысы - жыртқыштың ғибратқа келуі болды. Қасыма отырып намазға қатысты. Дұға қылып жатқанымда ол қарап тұрды. Осының барлығы елге ғибрат па деп ойлайсың. Жыртқыштың өзі Алланың барын біліп, құлшылыққа келіп тұр", - дейді "Бала Қажы" мешітінің наиб имамы Нұржан Құлмағанбетов.
22 шілде 2019 ж. 1 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930