Kaspi Bank бұрынғы қызметкерін ұстауға көмектескен азаматқа 10 млн теңге сыйақы берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Kaspi-дің Қауіпсіздік қызметі Павлодар облыстық ІІД-мен бірлесіп, банктің бұрынғы қызметкері, алаяқтық жасауда күдікті Руслан Сексембаевты тауып, тұтқынға алды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 21 шілдеде Екібастұз қаласында ұсталған. Сексембаев кепілдегі жылжымайтын мүлікті төмен бағаға сатып алуға көмек көрсетем деп уәде берген. Ол азаматтардың сеніміне кіріп, алдау арқылы оларды өзінің жеке шотына қаражат аударуға көндіріп, артынан бой тасалаған.Күдіктіні ұстауға жәрдемдескені үшін Kaspi Bank Сексембаевтың орналасқан жері туралы ақпарат берген азаматқа 10 миллион теңге мөлшерінде сыйақы төледі. Бұл азаматтың есімі оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
"Тергеу аяқталғаннан кейін Сексембаев сот алдында жауап береді және біз ол заң жүзінде қатаң жазаға тартылады деп үміттенеміз. Kaspi құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оның барлық сыбайластарын анықтау, клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында осы қылмыстың барлық мән-жайларын зерттеуді және тергеуді жалғастырады", - деп хабарлады банк өкілдері.
Бұған дейін Kaspi банктің бұрынғы қызметкері Сексембаев Руслан Владиславовичке іздеу салынғанынхабарлаған болатынбыз.