Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы пирамидасына қатысы бар күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Қаржы пирамидасына қатысы бар күдікті Грузиядан экстрадицияланды

ÒаÑÐ¶Ñ Ð¿Ð¸ÑамидаÑÑна ÒаÑÑÑÑ Ð±Ð°Ñ ÐºÒ¯Ð´ÑкÑÑ ÐÑÑзиÑдан ÑкÑÑÑадиÑиÑландÑ
Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері қаржы пирамидаларын құруға күдік бойынша үшін ІІМ Тергеу департаменті іздестіріп жатқан Бақыт Жұмабаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Грузиядан экстрадициялады.

Тергеудің болжамы бойынша, Жұмабаев «UNNNITY corporation» компаниясының менеджері бола отырып, 2016-2017 жылдары басқа тұлғалармен бірге топтасып Қазақстанның бірқатар облыстарының аумағында заңсыз табыс табу үшін аталған компанияға азаматтардың ақшасын тарту және бір қатысушыларды басқа тұлғалардың жарналары есебінен байыту мақсатында оларды кейіннен қайта бөлу арқылы қылмыстық іс-әрекет ұйымдастырған. Қылмыстық іс бойынша жалпы шығын 160 млн. теңгеден асқан.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды және кейіннен Грузияда ұсталды.

Қазіргі уақытта Жұмабаев Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Ақпарат көзі: prokuror.gov.kz

24.kz
27 маусым 2019 ж. 802 0