Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАНК КЛИЕНТТЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚАҚЫ АЛДЫ

БАНК КЛИЕНТТЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚАҚЫ АЛДЫ


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 895360 салымшысы жалпы сомасы 23 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік сыйлықақыға қол жеткізді.
90760 теңге көлеміндегі ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақыны банктің 160780 клиенті алды. Бұл салымшылар 2017 жылы шоттарына кем дегенде 453800 теңге, яғни 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинаған. Депозитіне үлкен сома аударған клиенттер мемлекеттік сыйлықақы есептелмеген биылғы қаражат бойынша 20 пайыздық аталған бонусты 2018 жылдың нәтижесінде ала алады.
- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – салымшылары мемлекеттік сыйлықақы алатын Қазақстандағы жалғыз банк. Жыл сайын бұл сыйлықақының көлемі артып келеді. Мысалы, банк жұмысын бастаған алғашқы жылы оның көлемі 10464 теңге болса, 2008 жылы 46720 теңгеге дейін жетті, ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша банк клиенттері 96200 теңге көлемінде ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақы ала алады. Тағы бір маңызды дүние бар! Банк сыйақысы мен мемлекеттік сыйлықақыны қоса алғанда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозиттері жылдық мөлшерлемесі 13,3%-ға дейін баратын жоғары табыстылық көрсетіп отыр, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Осы жылдың қорытындысы бойынша ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақыны алу үшін банк салымшыларына ай сайын шоттарына 40 000 теңгеден аударып отыру жеткілікті болмақ.
Ал егер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенті жыл сайын бұдан да көп ақша жинаймын, депозит табыстылығын арттырамын десе, отбасы мүшелерінің атына бірнеше салым ашып, бәріне бірдей сома салып тұруы керек. Бұл жағдайда мемлекеттік сыйлықақы әр шотқа аударылады. Тұрғын үй займын алуға қажет қаражат жиналғанда, депозиттерді біріктіріп жіберіп, баспана сатып алуға болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мұндай мүмкіндігі «Отбасылық пакет» деп аталады.
Мысалы, Алматыда 7 адамнан тұратын отбасы үй аламыз деп осы әдіспен ақша жинап жатыр екен. Шот ата-анасының, ұлының және екі қызы мен олардың жұбайларының атына ашылған. Үш жылдың ішінде бұл отбасы 4 млн теңгеден астам қаражаттың басын құрай алған. Енді олар депозиттерін біріктіріп, жылдық мөлшерлемесі 5% болатын тұрғын үй займын ресімдеп, Алматыдан пәтер сатып ала алады.
- Бірнеше банктің ипотека беру бойынша талап-шарттарын саралап барып, 2014 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот аштық. Артық төлемей пәтер сатып алу үшін қаражат жинау керек екен. Отбасы болып Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ақша салып, енді бауырымызға пәтер алып берейік деп отырмыз. Ол осы жылы үйленген болатын. Жаңа баспана шаңырақ көтерген жастарға үлкен қолдау болады, - дейді отбасы мүшелерінің бірі, банк салымшысы Роза Абылқызы.
Екінші деңгейлі банктердің талаптары бойынша 5 000 депозитке тыйым салынғандықтан, бұл шоттардың иелері мемлекеттік сыйлықақы ала алмады. Себебі аталған салымшылар басқа банктер алдындағы қарыздарын дер кезінде қайтара алмаған. Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы бағытта үлкен жұмыс атқарып жатыр. Жекелей алғанда, біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысы тұтынушылық несие бойынша төлемді кешіктірген күннің өзінде екінші деңгейлі банктерге төлем талаптарын тұрғын үй құрылыс жинақтарына қатысты қолдануға тыйым салуды ұсынып отырмыз.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларға арналған тағы бір жаңалығын ұсынады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сыйлықақы 2019 жылдың алғашқы күндері түседі деп жоспарланып отыр. Қазір осы бағытта бизнес-процестер жетілдіріліп, нормативтік құжаттар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

***
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
БАҚ үшін қосымша ақпарат:
+7 (727) 279 35 11 (ішкі 00527), 8707 490 17 67,
pr@hcsbk.kz
06 ақпан 2018 ж. 1 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031