Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨЗІМІЗГЕ БЕКЕМ БОЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

ӨЗІМІЗГЕ БЕКЕМ БОЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Жыл басындағы әртүрлі деңгейдегі әкімдердің дәстүрлі есепті кездесулерінде көтерілген түйткілді тақырыптың бірі – мал ұрлығы болғаны мәлім. Белең алып тұрған бұл қылмыстың алдын алу жолдары да сөз болып жатты. Аудан әкімі Ә.Оразбекұлы мал базарының уақытын өзгертудің қажеттігіне де тоқталған болатын. Осы орайда аудан әкімінің төрағалығымен жиын өтті.

Мал ұрлығының былай белең алуына елді мекендердегі паданың ұйымдастырылмауы мен жексенбілік мал базары деп қынжылыс танытып келген еді тұрғындар.Таңға ілінбей талас-тартыс басталатын осы базарда талай ұрымтал тұсты тиімді пайдаланғысы келгендердің қолына құрық түскені тағы бар. Мал базарында ұрлықы сиыр сатып тұрғандарды құрықтаған учаскелік полиция қызметкері хақындағы мақала да газетімізде жарық көрген-ді. Аудан әкімдігінде өткен жиында мал базарының уақытын өзгерту мәселесі қаралды. Жиынға құқық қорғау саласының мамандары, ардагерлер мен ауыл әкімдері қатысты. «Келісіп пішкен тонның келте болмасын» білсек, түйткіл де шешімін табары анық. Аудан әкімі де бұл мәселені кездесулерде көпшіліктің талқысына ұсынғандығы белгілі. Өткен жиынға қатысушылар да тараптардың пікірлерін тоғыстырып, бірауыздан мал базарының уақытын өзгертуді қолдады. Алдағы уақытта мал базары қыс мезгілінде таңғы сағат 7-ден ашылса, жаз мезгілінде яғни, сәуір айынан бастап сағат 6-дан бастауға байлам жасады. «Белең алған ұрлықтың бетін алып, өзімізге бекем болудың тиімді жолы осы болмақ», – деп тарқасты жиынға қатысушылар.

Бақытжан МӘДЕН.
06 ақпан 2018 ж. 1 307 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930