Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оралда полицейлер арасында республикалық чемпионат өтіп жатыр

Оралда полицейлер арасында республикалық чемпионат өтіп жатыр

ÐÑалда полиÑÐµÐ¹Ð»ÐµÑ Ð°ÑаÑÑнда ÑеÑпÑбликалÑÒ ÑÐµÐ¼Ð¿Ð¸Ð¾Ð½Ð°Ñ Ó©ÑÑп жаÑÑÑ
Оралда еліміздің барлық өңірінен жиналған полиция қызметкерлері президенттік көпсайыстан сынға түсіп жатыр. Үш күнге созылатын сайыс барысында олар жүгіру бойынша әртүрлі қашықтықтықтарды еңсеріп, атыс қаруынан нысана көздейді. Сонымен қатар тәртіп сақшыларының суда жүзудегі шеберліктері мен граната лақтырудағы біліктіліктері пысықталмақ. «Полиция қызметкерлерінің физикалық тұрғыда әркез даяр болуы маңызды. Жарыс өткізудегі мақсат – олардың осы саладағы дайындық деңгейлерін анықтау», – дейді ұйымдастырушылар.
Болатбек Белгібеков, БҚО ПД баспасөз хатшысы:
- Бұл чемпионатқа 15 қалалық және облыстық Полиция департаменттерінің құрама командалары қатысып отыр. Сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Ұлттық ұлан сияқты күш құрылымдары қатысып отыр.
Нұрлан Солтыбеков,  Алматы облыстық ПД аға инспекторы:
- Полиция қызметкерлері – қылмыспен күрес барысында алдыңғы шепте тұратын қызметкерлер. Сондықтан олар жоғары деңгейде болуы керек. Атап айтсақ, ату дайындығынан, дене шынықтыру даярлығынан мықты болуы керек.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/322125-oralda-politsejler-arasynda-respublikaly-chempionat-tip-zhatyr
15 маусым 2019 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031