Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҮЗДІК АНЫҚТАУШЫ» АНЫҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҮЗДІК АНЫҚТАУШЫ» АНЫҚТАЛДЫ


Қызылорда облысының ішкі істер департаментінде Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Анықтау бөлімінің анықтаушылары арасында «Үздік анықтаушы», «Алғыр анықтаушы» «Үздік айыптаушы» және «Үздік талдаушы» аталымдары бойынша байқау өтті.Байқау жеңімпаздарын анықтау барысында полиция қызметкерлерінің жұмыс көрсеткіші, қылмыстық істердің мерзімін сақтай отырып, сапалы түрде дер кезінде заңды шешім қабылдауы, біліктілігі мен жауапкершілігі, жан-жақтылығы мен ізденімпаздығы басты назарға алынды.
Басқарма басшылығынан құрылған комиссия мүшелеріне сайысқа қатысушы 23 анықтаушының арасынан үздіктерді анықтау оңай болмады. Нәтижесінде «Үздік анықтаушы» аталымына полиция аға лейтенанты Аян Алдабергенұлы, «Үздік айыптаушы» аталымына полиция аға лейтенанты Әлімұрат Әбдіқаппаров пен Жасұлан Асылбек, «Үздік талдаушы» аталымына полиция капитаны Бағдат Жансұлтанов, «Алғыр анықтаушы» аталымына полиция аға лейтенанты Ахмед Қалманов және полиция аға лейтенанты Сапарәлі Абдраимов лайықты деп танылды.
Үздік деп танылған полиция қызметкерлері марапатталып, оларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Шараға өз ісінің үздігі атанған анықтаушылардың ата-аналары да қатысып,оларға алғыс хаттар мен гүл шоқтары табыс етілді.

Қызылорда ҚІІБ баспасөз қызметі
20 қыркүйек 2018 ж. 1 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930