Тарихи жер-су аттары: Ұлттық код кілті
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жариялаған болатын. Онда төл тарихымызды насихаттаудың, кейінгі ұрпаққа жеткізудің жолдары түгел қарастырылған. Бұл мақала орынды және дер кезінде жарияланып, құнды еңбектерден ғибрат алып насихатталып, танылып келеді.
Терең тарихтан жарқын болашаққа ұмтылған тәуелсіз еліміздің азаматтары үшін өткен тарихты білу, құрметтеу, насихаттау – айнымас борыш саналады. Осы ретте тұңғыш президент Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы дер кезінде жарияланып, тәуелсіз еліміздің ұланғайыр даласының әлем өркениеті тарихи дамуына шешуші әсер еткен кезеңдерін санамалап тұрып, санамызға құйып бергені де рас. Өтпелі заман, құбылмалы қоғам өткенімізге күйе жағып, бізге ескілік пен қараңғылықтың сарқыншағы бейіттерге жолама, мазараттардан, тарихи ескерткіштерден аулақ жүр деп үйретті. Ой санамыз құрсауланып, көптеген ел мен жерге қорған болған батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз атаусыз қалып, төмпешікке айналып қала берді. Біз қазір тарихи сананы жаңғырту арқылы, көне тарихымызға мойын бұрып, өз санамызды да жетілдіріп жатқанымыз баршамызға аян.
Мемлекет қорғауындағы ескерткіштердің әрқайсысына қолданыстағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңы және одан туындайтын мәдениет және спорт министрлігінің қағидалары шеңберінде қорғау шараларымен қатар, қайта қалпына келтіру және тағы басқа кешенді жұмыстар ұдайы жүргізіліп отырады. Аудан көлемінде бүгінгі күні 48 тарихи және мәдени ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде үшеуі республикалық маңызы бар ескерткіштер жатады. Ал 26 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне кірген. Сонымен қатар 19 нысан алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізіміне енгізілген.
Қасиетті жерлерді сандық форматқа көшіру және олар туралы әлеуметтік желі қолданушыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен облыс, аудан бойынша жергілікті маңызы бар киелі жерлердің 3D форматтағы интерактивті картасы дайындалып, былтыр қараша айында тиісті құзырлы органдар мен облыстық жергілікті атқарушы органдардың сайттарына орнатылған. Мемлекеттік тізімге енгізілген ескерткіштердің 48-не төлқұжаттары жасалынып, қорғау тақталары орнатылған. 2018 жылы Есабыз кесенесіне ұрпақтарының демеушілігімен қайта жаңғырту жұмысы жүргізіліп, қалпына келтірілген.
2018 жылы Шиелі ауданындағы жалпыхалықтық маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілген «Оқшы ата» мазаратына аудандық бюджеттен қаражат есебінен Бәйгеқұм ауылына кіре берістен 4,7 шақырымдық жол салу, тас төсеу, автотұрақ салу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзиттік автожолы бойынан бұрылып тоқтайтын арнайы орынға абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, Шиелі жерінен шыққан тарихи тұлғалар туралы 3 тілде жазба көркем безендірілуі жоспарланған екі қанатты үлкен стелла жасалынды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы – жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Жоба аясында ішкі туризмді дамыту бағытындағы жұмыстар еліміздің барлық өңірлерінде сияқты, өз аймағымызда да жүзеге асырылуда. 2018 жылы облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, «Қызылорда облысының тарихи және мәдени ескерткіштеріне QR-код орнату» жобасы аясында Шиелі ауданы бойынша мобильді қолжетімді жерлердегі 13 тарихи және мәдени ескерткіштерге QR-код тақтайшалары орнатылды. Бұл жерден тарихи-мәдени ескерткіштер туралы мәліметті алуға болады.
Ж.Қауғанбаева