ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ КЕРЕК
Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының (ЖСОРП) IV Съезінде 2018-2025 жылдарға арналған жеке сот орындаушыларының институтының даму бағдарламасы қабылданды. Онда құжаттарды уақтылы орындау, сот орындаушысы мамандығының беделін, оның қызметінің табыстылығын көтеру, сондай-ақ сот орындаушылардың әрекетіне шағымдардың азаюын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені қарастырылған. Сондай-ақ, Бағдарламада атқарушылық іс жүргізудің жүйелі мәселелері және оларды шешу жолдары көрсетілген.
ЖСОРП баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қазіргі кезде Қазақстанда 1596 жеке сот орындаушылары қызмет етеді, олар өткен жылы 159 мың алиментті қоспағанда, 2 трлн 778 млрд теңгенің көлемінде 2 494 371 атқарушылық іс жүргізген. Орта есеппен алғанда, бір жеке сот орындаушысына тиесілі жүктеме айына 100-200 құжатты, кейбіреуінде 1000 және одан да көп құжаттарды құрайды. Бағдарламада ЖСО қызметінің төмен өтелімділігі бойынша мәселені оларға фактілерді констатациялау, заңгерлік кеңестер және медиация бойынша ақылы қызмет көрсету мүмкіндігін берумен заңнама тұрғысынан шешу жоспарлануда. Жергілікті жерлер ЖСО қызметімен толық қамтамасыз етілмеген, жеке сот орындаушылар Алматы, Астана және облыс орталықтарында 50 пайыздан сәл асады. Ақмола. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында ЖСО жалпы санынан бар болғаны 9 пайызды құрайды. Бұл мәселені шешу үшін өткен жылдан бастап ауылдық жерлерде ЖСО кіру үшін мүшелік жарналар төленбейтін болды немесе төмендетілген мөлшерлемеде белгіленді. Жеке сот орындаушыларын материалдық ынталандыру үшін 2020 жылға дейін қолданыстағы тарифтерді және олардың қызметіне ақы төлеуді қайта қарау жоспарлануда.
Бағдарламада ЖСО біліктілігін көтеру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Бұл бағыт бойынша 2018-2025 жылдарда институттың қызметінде ғылыми-әдістемелік функцияларын қамтамасыз ету жүктелген «Жеке сот орындаушыларының және олардың көмекшілерінің оқу орталығы» мекемесін дамыту жоспарланды. Жыл сайын оқу орталығында 350 жеке сот орындаушылары мен олардың 400 көмекшілері кәсіби блімін жетілдіретін болады. Президент жолдауы және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 80% дейін атқарушылық іс жүргізу процесін автоматтандыру және «Е-атқарушылық іс жүргізу» жүйесін енгізу қарастырылған. Сондай-ақ, борышкердің елдегі кез келген банкоматтары немесе кассалық бөлімшелері арқылы берешегін жабуға мүмкіндігі болатын барлық екінші деңгейлі банктердің базасымен интеграциялауды жүргізу жоспарларланып отыр. «100 нақты қадамдар» Ұлт жоспарының 27-қадамдарына және 2025 жылға дейін Бағдарламаның ережелеріне сәйкес «Кейбір заңнамалық актілерге атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдасын немесе заңнаманы жете талдау негізінде жаңа редакцияда атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның жобасын әзірленетін болады. 2018-2025 жылдарға арналған жеке сот орындаушысы институтын дамыту бағдарламасы Парламент депутаттарының қатысуымен өткен Қоғамдық комиссияда мақұлданды.
Қайыржан ТӨРЕЖАН