Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «НҰР-ӘДІЛ» ЗАҢГЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ҰСЫНАДЫ

«НҰР-ӘДІЛ» ЗАҢГЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ҰСЫНАДЫ



«Нұр-Әділ» заңгерлік қызмет көрсету орталығы ашылып, тұрғындардың құқығын қорғау бойынша сапалы қызмет ете бастады. Заң фирмасы қылмыстық істерді жүргізуде жәбірленушінің құқығын қорғау бойынша соттағы өкілі. Оның ішінде ақша дауы, алимент, еңбек шарты және ортақ мүліктерді бөлу қызметі кіреді.
Қылмыстық, азаматтық, еңбек шарты және әкімшілік істер бойынша кеңес беруге, келісім шартқа байланысты арыз шағымдарды өңдеуге заң фирмасы толық құқылы. Егер жақындарыңыз қылмыстық іс бойынша полиция бөлімшесіне күдікке алынса, қорғаушы «адвокатқа» жүгінген дұрыс. Жазған шағымыңызды дұрыс қарамай, шығарылған шешімге келіспесеңіз қызмет көрсету орталығына жүгінуге толық құқылысыз. Көніліңіз толмаған жағдайда заңгерлік кеңес беруге «Нұр-Әділ» заң фирмасы заңды көмек бере алады.
Мәселен, жуырда жәбірленуші Бесарық ауылының тұрғыны Д.Орынбеков жол көлік оқиғасы бойынша кәмелетке толмаған ұлы Марал Елдарды автокөлік жүргізушісі мас күйінде қағып кеткені оқиғасы бойынша ішкі істер органының тергеу әрекетіне көңілі толмай, біздің қызметке жүгінді. Арыз берушімен заңгерлік көмек көрсету бойынша келсім шартқа отырып, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттеріне толық қатысып, іс-құжаттарды толық құрамда сотқа жолдадық. Нәтижесінде, кінәлі А. есімді азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, құқық бұзушыны жауапкершілікке тартылуына ықпал жасадық. Жәбірленуші Д.Орынбеков сот барысында кінәлі адам жауапкершіліктен құтылып кете ме деген күдікпен жүрген болатын, алайда заң жүзінде кінәлі адам жауапкершілікке тартылып, күдіктен арылған жәбірленуші өз алғысын біздің заң фирмамыздың көмегіне жеткізді.
Енді азаматтық істер бойынша қызмет көрсету орталығының атқарған жұмысына тоқтала кетейік. Осы кент тұрғыны Мақпал Джумадилаева тұрғын үй дауына байланыс­ты заң фирмасына жүгінді. Іс сотта қаралып, 2018 жылы 19 қыркүйекте аудандық сот шешімімен 3 500 000 теңге жауапкерден талапкерге толық өндіріліп берілді. Сол секілді Әлімкөл көшесінің тұрғыны Нұргүл Ор­а­­з­­б­­а­­е­­в­­а­­ тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінді. Ол сатып алған үйдің құжаттарын 2 жыл бойы заңдастыра алмай, дауға ілігеді, алайда заң фирмасы арқылы 1 ай ішінде құжаттарын толық заңдастыра алады.
Сондай ақ, банк қызметіне байланыс­ты дауларды да шешуде жүйелі түрде жұмыс бар. Шыны керек, қазір көп мәселе несиеге байланысты ушығып отыр. Яғни банк тарапынан заңсыз қосылған үстемақыны шығындалушы тарапқа қайта өндіріп береміз. Мәселен, Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылының тұрғыны Теңізбай Әлтаев «Форте банк» (бұрынғы «Альянс банк) АҚ-нің біздің заң фирма арқылы сотқа берді. Себебі, банк заңсыз артық ұстаған үстемақыны 07.02.2019 жылы қалалық сот шешімімен 394 000 теңгесін талапкер Т.Әлтаевқа өндіріп берді.
Кент тұрғыны Ырсалды Тұрсынханов пен Ерлан Отарбаев Каспий банк арқылы есеп-счеттары жабылып қалады. Заң фирамсы арқылы банкті сотқа беріп, барлық есеп шоттарын аштыртып, 4-5 ай бойы ала алмай жүрген еңбек ақыларын алды. Осындай қызмет көрсетіп келеміз.
Мұндай жағдай жиі кездесіп, оң шешімін тауып жатады. Банктен алған несиелеріңіз бойынша қиындықтар туып жатса бізге келіп, кеңес алуға болады. Тұрғын үй және жер құжаттарын заңдастыру бойынша да заңгерлік кеңес беріп, жұмыстар жасаймыз. Өз жерін кәсіпкерлік мақсатқа айналдыру, шаруа қожалық тағы басқа мәселелер бойынша да көмектесе аламыз.
Кәсіпкерлер кәсібін ұлғайтуға және дамытуға 6,7 пайыз жеңілдікпен Кәсіпкерлік палатасы, Даму арқылы, кәсіпкерлердің «сенімхаты» бойынша құжаттарын өткізіп, келісім шарт отыру арқылы көмек беріп келеміз. Қазіргі таңда ауданымызда 3 кәсіпкерге алды 30 000 000 (отыз миллион) теңге 6,7 пайызбен несие алуына ықпал жасадық.
Егер сіздерге біздің заңгерлік қызмет көрсету орталығының көмегі керек болған жағдайда 8(72435) 23 5 53, 8702 264 77 37, 8 747 334 73 75 нөміріне хабарласуыңызға болады.


Даулетбек ТҰРАБАЕВ,
«Нұр-Әділ» заңгерлік қызмет көрсету орталығының басшысы, заңгер.
(Куәлік серия 3309 №0002143 19.05.2016ж.)
05 маусым 2019 ж. 854 0