Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жерге тағзым

Туған жерге тағзым

Өткен сәрсенбіде Бидайкөл ауылының ардагерлері мен ауыл әкімдігінің бас қосуымен ауылда тарихи мұражай жайлы жиын болып өтті. Жиында Гигант ауылының құрылуынан бергі еңбек еткен, шаруашылықтың өркендеуі жолында тер төккен «Ұлы Отан» соғысында елімізді жаудан қорғаған майдангерлер, ауған соғысының және тыл ардагерлері мен Қазақ СССР-і жоғары кеңесінің депутаттары Мәлике Басанова мен Қалияш Тұрсынова ауылшаруашылығы саласының қайраткері Саптай Махамбетовалардың еңбектері бейнеленген бейнебаян көрсетілді. Альбомдарды көріп танысқан оқырмандар ауыл әкімдігі мен №148 мектептің тарих және құқық пәні бірлестігіне, пән мұғалімі Ақмарал Құлтаеваның ұйымдастырған еңбегіне алғыстарын білдірді. Сондай-ақ аудандық мұрағат өкілі Ә.Оспанов, ауыл ардагерлері Ә.Бектегенов, Ж.Әлиев, Қ.Тұрсыновалар өз ойларымен бөлісіп, көрерменнің көзайымына айналған осы жұмыстарын алдағы уақытта одан әрі жалғастырып, арнайы мұражай ғимаратына орналастыруды, есімдері ескерусіз қалған еңбек ардагерлерін зерттеп, жинақтауды ұсынды.

Оразбек Жұмаділұлы.
01 маусым 2019 ж. 863 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031