Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КІТАПХАНАДАҒЫ КЕЗДЕСУ

КІТАПХАНАДАҒЫ КЕЗДЕСУ



Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, он жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны 14453-ке жеткен. Ал қазақ елінен 22 мың адам қатысып, оның 761-і майдан даласында қаза тапқан. 21 адам хабарсыз кеткен. Ал, мыңнан астам жауынгер аман-есен туған елдің топырағына оралғанымен түрлі жарақаттарының әсерінен ауырып, қаза тапқан.
Отан қорғаушылар күні қарсаңында аудандық орталық кітапхана қызметкерлері ауған соғысы ардагерлеріне арнап «Біз жеңістің ұрпақтарымыз» аттытанымдық шара ұйымдастырды. Кітапханашы Г.Палымбетова жүргізген шарада №244 Ы.Жақаев атындағы мектептің оқушылары белсенді қатысып, шығармашылықтарын ортаға салды. Кешке кенттегі ауған соғысының ардагерлері шақырылып, оқушылармен әсерлі әңгіме өрбіді. Жиын соңында кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Райхан Нұрекеева сөз алып, қатысушыларға алғысын білдірді.


А.ДҮЙСЕНБАЙ.
09 мамыр 2019 ж. 1 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930