Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылыжай өнімі өтімді

Жылыжай өнімі өтімді

«Қысы-жазы бір түсте» деген жұмбақ есіңізде ме? Мақалама арқау болған әйелдің бизнесін көргенде бірден осы жұмбақ ойыма келді. Қыс демей, жаз демей Майра Өмірбекова аудан жұртшылығын көкөніспен қамтамасыз етіп отыр.
Кәсіпкерлікті дамыту – бүгінгі күннің алға қойған маңызды міндеттердің бірі. Кәсіпкерлік қаншалықты дамыса, экономика да соншалықты өркендеп өсе бермек. Сол себепті де, Елбасы халыққа арнаған Жолдауында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет» деп, елдің алдына үлкен мақсат қойды.
Осы ретте Майра Өмірбекова өзінің шағын кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің бірі. «Кәсібіне қарай – нәсібі» демекші, бүгінде өз мүмкіндіктеріне қарай кәсіп ашып, ісін дөңгелетіп отырған жан.
М.Өмірбекова: «Бизнесті сәтті жүргізу үшін күнделікті тынбай еңбектену қажет, сонымен қатар үнемі ізденіс үстінде жүріп білім алып, кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылмаса барлығы бекер болады. «Адамды көркейтетін – еңбек» дегенді алға тартамын. Сондықтан аянбай еңбек етіп келемін. Тұрмысым да берекелі. Мемлекеттің қолдауымен бүгінде осындай жетістікке жетіп отырмын. 10 сотық жерді алып, жылыжай егуді биылдан бастап жатырмын. Өнім алып, нарыққа да шығарудамын. Алғашында бастар кезде жүрексіндім. Дегенмен де халықты арзан бағада көкөніспен неге қамтамасыз етпеске деген ой келді» – дейді шаруа иесі.
Ебің болса, жұмысты жүйелендіріп, көзін табуға болады деген сөзді ұстанымына айналдырған кейіпкер қияр егудің қыр-сырын меңгеруде. Қияр жылуды, жарықты, ылғалды сүйетіндіктен, қалыпты өсуі үшін жылыжайдағы температура +15°С-тан кем болмауы тиіс. Өнім мол алынуы үшін сол мақсатта жұмыс жасап жатқандығын жасырмады. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкер ісін өрге домалату үшін мемлекеттен төменгі пайызбен 4 млн. теңге несие алып, осы кәсібін бастаған. Алдағы уақытта кеңейтуді де ойластырмақ. Осылайша Майра Өмірбекова аудандағы көкөніс шаруашылығының дамуына үлесін қоспақшы. Демек, биыл аудан нарығында жылыжай өнімдері өтімді болады деп түйдік.

Фариза Кенжешова.
15 мамыр 2019 ж. 1 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930