Манарбек шыққан биік шың
Massaget.kzол театр мен филармониядағы қызметі барысында көптеген гастрөлдік сапарларға барған. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиетінің он күндігіне және сол жылы қарашаның 6-ы күні өткен Қалалық Кеңестің Пленумына арналған концертке қатысқан, 1939 жылы қарашаның 20-ы күні Партакқа арналған концертте халық әндері "Сырғақты", "Сметті", "Желдірмені" орындаған, 1940 жылы мамырдың 11 күні Чайковскийдің 100 жылдығына арналған концертке, 1941 жылы наурыздың 29-30 күндері Талғарда қатарлас болған көшпелі спектакльдерге қатысып "Қыз-Жібекте" Шегені, "Айман-Шолпанда" Жарастың образдарын сомдап және 1949 жылы қаңтардың 13-і күні театрдың мерекелік он күндігіне қатысады. Жалпы 1947 жылы театрдың атқарған қызметі жөніндегі мәліметте республика бойынша ауыл шаруашылық аудандарындағы егін жинау науқаны уақытында М. Ержанов, Н. Абишев, О. Абишев, Розмухамедова және Каримбаев №3 бригада құрамында болып, Оңтүстік Қазақстан облысының, Түркістан ауданындағы 12 колхозға 5 концерт, Фрунзе ауданындағы 11 колхозға 3 концерт, Георгиев ауданындағы 10 колхозға 3 концерт, яғни барлығы 11 концерт 9900 көрермендер үшін берілгендігі жазылған. 1950 жылы М. Ержанов, Б. Досымжанов т.б., сонымен қоса балалар мен жасөспірімдер театрының(ТЮЗ) әртістері КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлаулары алдындағы 1-ші кезеңінде жалпы ұжымдық концерт қойған, Резчик станциясындағы Тау-кен институтында өткен сайлаушылармен кездесуге барған, ал сайлаушылар күніне орай наурыздың 12-і күні 2 концерттік бригада ұйымдастырылып М. Ержанов №1-ші бригадамен Сталин ауданында өнер көрсеткен. 1951 жылы жабық концертке қатысып, "Біржан-Сарадағы" Естайдың рөлін сомдаған 1952 жылы Қазақ Мемлекеттік университетіне арналған концерттік-спектакльге, жоғары сыныптардың оқушыларына арналған жабық концертке, Су шаруашылығы қызметкерлерінің республикалық мәжілісіне арналған концертке және шахтадағы, Спасстағы №№ 1,3,4,8,9,10-шы Көшпелі концерттерге қатысады, сонымен қатар әскери бөлімде және мектепте "Терме", "Желдірме", "Жылқылы бай", "Жанбота", "Шама" әндерін айтқан. 1952 жылы сәуірдің 25-де өткен концертке қатысып, мамырдың 25-де қыстық маусымның жабылуына арналған "Көл бойында. На берегах Ыссыккуля" атты жаңа операда Борбаштың образын сомдаған. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиетінің он күндігі жайында М. Ержанов өзінің "Чем я горжусь..." деген мақаласында былай деп жазған: "А чем горжусь я, сам лично? Я горжусь прежде всего тем, что правдиво (мне это много раз говорили в Москве) правильно передать московским слушателям нашу казахскую народную песню. Эту песню поняли в Москве и полюбили. Что может быть радостней для казахского певца, если не то, что его поняли, поняли его песни. Это не легкое дело, товарищи! Но какое хорошее и нужное это дело! И я вкладывал в пение всю свою душу. И добился успеха. Мой голос звучал легко и свободно". М. Ержановтың өнер көрсеткендігі жөнінде 1955 жылы желтоқсанның 13-і күні өткен Қазақстанның Кеңестік Композиторлар одағы басқармасының 2-ші съезінде сөз сөйлеген Литва КСР-і Композиторлар одағының өкілі С.А. Вайнюнас М. Ержановқа алғысын былай деп жеткізген: "Не могу не выразить свою искреннюю благодарность народному артисту Казахской ССР Ержанову М., не отказавшемуся показать нам свое мастерство и глубоко взволновавшего нас таким простым и глубоко художественным исполнением на домбре своих произведений". Ол республиканың аудандарына барып концерт қойғандығы жөнінде баспа беттерінде жарияланған көптеген мақалалар мен естеліктер кездеседі, солардың бірі 1940 жылы қыркүйек айының 11-і күні "Лениншіл жас" газетінде (№170), жарық көрген Қазбектің "Колхоздағы бір кеш" атты естелігінен үзінді келтірдік: "Есік Алатауының батыс жағы. − Концерт басталады, жолдастар! деді тағы біреуі. Дамылсыз күткен колхозшылар республиканың орденді халық артисі Манарбектің әнін естімек. Жұрт жым-жырт. Әнші домбырасын алып ыңғайлана бергенде-ақ қол соғылды. Алғашқы әннің аты "Сырғақты". Домбра асқақ әннің әсем лебізін төгілдіріп маржандай суылдата бастағанда-ақ, ән оған шырқалып қосылды. Дауыстың шырқап шыққан шыңы, тыңдаушысының жүрек қылына шертілген тәрізді. Ән аяқталды. Қол соғу басылған жоқ. Зуылдата, екпіндете 100 вагон тіркеген пойызды алысқа құлақтап сүйреп бара жатыр, арғынаған паровоздың қарқынын әнге салған өзінің шығармасы "Паровоз" әнін орындады. Мамырлаған қоңыр қаздай байпаңдата, аққудың үніндей сыңғырлата, жайланта, жорғалата – Тәттімбеттің былқылдағы" да тартылды. Жұрт тоймады, сұрай түсті. Келгендердің бірқатары келіншек екені еске алынып "Келіншек" әні де айтылды. Қолды одан сайын шапалақтайды. Сауықшыл елдің жақтары қойсын ба ерікке, тағы да айтқызды талай әнді, тартқызды талай күйлерді".
Massaget.kz