Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көкшетауда мұздан Димаш Құдайбергеннің мүсіні жасалды 

Көкшетауда мұздан Димаш Құдайбергеннің мүсіні жасалды 


Мұздан жасалған композицияның алдыңғы бөлігінде микрофон ұстаған Димаштың мүсіні тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал оның артында қанаттарын жайған аққулар бейнеленген. Композиция авторы - көкшетаулық белгілі суретшісі және мүсінші Манарбек Бұрмағанов. «Әншінің шығармашылығынан, әсіресе оның Ресейде орындаған «Қалжыраған аққулардың сезімі» әнінен шабыт алған Манарбек Бұрмағанов Көкшетауда осындай мүсін жасауды шешті. Идея жергілікті деңгейде қолдау тапты. Манарбек халықаралық байқауларға үнемі қатысып тұрады. Өткен жылы шақырту бойынша Ресейде жұмыс істеді. Бірнеше рет Алматыда мүсіндер жасады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы Юрий Попов. Еске салайық, жуырда Димаш Құдайберген Мәскеудегі Кремль сахнасында және «НТВ» арнасының «Орталық телевидение» бағдарламасында «Қалжыраған аққулардың сезімі» әнін орындаған болатын.

www.24.kz
24 желтоқсан 2018 ж. 1 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930