AMANAT: МОНИТОРИНГ БАРЫСЫНДА БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
AMANAT партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан көлеміндегі жанар-жағармай бағаларына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторингке аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, аудандық мәслихат депутаты Нұргүл Шалекеева, аудандық филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Нұрсұлтан Сапарбаев және аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің жетекші маманы Мұхамедәлі Сәдуақасов қатысты.Іс-шара барысында аудан аумағындағы жанар-жағармай құю бекеттеріндегі баға тұрақтылығы, отын қорының жеткілікті болуы және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы зерделенді. Мониторинг тобы кәсіпкерлермен кездесіп, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жанар-жағармай бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, нарықтағы тұрақтылықты сақтау және тұрғындарды үздіксіз отынмен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Бекеттердегі бензин мен дизель отынының қолжетімділігіне назар аударылып, қажетті қор көлемі бақылауға алынды.
Мониторинг қорытындысы бойынша жауапты сала мамандарына бағаны тұрақтандыру, халыққа сапалы қызмет көрсету және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында тиісті ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта да аудан көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызмет түрлеріне тұрақты түрде бақылау жұмыстары жалғасатын болады.
Amanat Shieli Audany ФБ парақшасынан







