Қазақстандық фильм Қазандағы кинофестивалінде жеңіске жетті
ҚАЗАН. ҚазАқпарат - XIV Қазан халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін («Үздік толық метражды фильм» номинациясы) қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Ласковое безразличие мира» драмасы жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресейдегі ҚР Елшілігі хабарлағандай, Қазақстан мен Францияның бірлесіп түсірген телетуындысы 2018 жылдың мамырында Канн кинофестивалінде алғаш рет ұсынылып, ондаған әлемдік кинофорумның қазылар алқасын тәнті еткен болатын. Ә.Ержановтың фильмі Қазан кинофестивалінде «фестивальдік сапарды» аяқтап, 20 қыркүйекте Қазақстанда және бірқатар Еуропа елдерінде прокатқа шығады. Киноға сұлу, бірақ кедей қыз Салтанат пен Қуандықтың махаббаты арқау болған. Салтанатты дәулетті ағайына жібереді. Ағайы оны бизнес серіктесіне тұрмысқа бермек болады. Қуандық сүйіктісінің артынан үлкен қалаға аттанады. Туындыда бас кейіпкерлердің үлкен қаладағы қиындықтары бейнеленген.
inform.kz