Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Италияда өтіп жатқан Венеция кинофестивалінде 21 туынды байқауға түседі 

Италияда өтіп жатқан Венеция кинофестивалінде 21 туынды байқауға түседі 

Италияда жетпіс бесінші рет Венеция кинофестивалі өтіп жатыр. Шара осыдан 2 күн бұрын басталған болатын. Қызыл кілемде режиссер Дэмьен Шазелла түсірген «Айдағы адам» фильмінің актерлары, сонымен қатар әділқазы мүшелері Наоми Уотс пен Кристоф Вальц, Тайка Вайтити жүріп өтті. Олар жанкүйерлерімен суретке түсіп, қолтаңбаларын берді. Фестивальде былтыр «Cу пішіні» фильмі үшін «Алтын арыстан» жүлдесін иеленген мексикалық режиссер Гильермо дель Торо әділқазы төрағасы болып тағайындалды. Айта кетейік, Венеция кинофестивалі 29 тамыздан 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Конкурста жалпы саны 21 туынды байқауға түседі. Жеңімпаз қыркүйектің 9-ы анықталады. Биыл шараның шымылдығын Дэмьен Шазелланың «Айдағы адам» картинасы ашты. Бұл фильм айға ең алғаш ұшырылған адам Нил Армстронг туралы түсірілген.

www.24.kz
31 тамыз 2018 ж. 796 0