Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызметіңнен сенің бас тартпас едім...

Қызметіңнен сенің бас тартпас едім...


«Отансыз адам, ормансыз бұлбұл»,

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өткен болатын. Міне, осы ретте ауданымыздың іскер азаматтары туған жерлеріне деген іңкәрлігін сезімнің шекарасында ғана шкетеп қоймай, ісімен де көрсетіп отыр. Олар туған жерге, туған елге қызмет етудің бірегей жолы – адал еңбек деп біледі. Сол еңбектерінен терген нәсібін халық игілігіне жұмсап, «жемтігін басып отырып жеген құзғынның емес, шашып отырып жеген қыранның» бейнесін бұқараға паш етуде. 
Сөзіміз жалаң болмас үшін ауданда осы қыранның қасиетін бойына қондырған азаматтардың жасаған жұмыстарына тоқталып өткенді жөн көрдік Атап айтқанда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 5 жобаны іске асыру бағытында жұмыстар жүргізілді.
Сол тізімнің тізбегіне үңілер болсақ,Ақмая елді мекенінде спорттық сауықтыру кешені өткен жылы толықтай пайдалануға беріліп, ағымдағы жылы жұмысын бастады. Жеке кәсіпкер Д.Жұмбековпен 10 жыл мерзімге жобалық құны 70 млн. теңгеге келісім шарт жасалып, облыстық мәслихаттың шешімімен  2018 жылға 4959 мың теңгесі бөлінген. Алғабастық Ж.Машрапин есімді азаматпен 120 млн теңгеге келісім шарт жасалып, нақ осы маңыздағы нысан жұмысын бастап кетті. «БЕТА-К» ЖШС-мен 10 жыл мерзімге облыстық мәслихаттың шешімімен2018 жылға 8830 мың теңгесі бөлініпті. Жөлек пен Бестам елді мекеніндерінің де халқына салауатты болашақтың ірге тасындай қаланғалы жатқан осындай нысандардың жобалық құны 22 млн. және 68 млн. теңгені құрап, құрылыстары жүргізілуде.
Жеке кәсіпкер Б.Примбетовпен Ортақшыл ауылдық округінен 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы мен кент орталығынан жобалық құны 135 млн. теңгенің жабық жүзу бассейінін салу жобасының құжаттары әзірлену үстінде. Жобаның құрылысы бітіп, пайдаланылуға берілген мезеттен аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жеңілдіктер қарастырылмақ. Нысандар халық игілігіне берілуімен қоса жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыз азаматтардың да  саны кеми түсері сөзсіз.
Осы тұста қалтасы мен құлқынының қамынан халқының қажеттілігі мен ел мүддесін жоғары қоятын елжанды азамат Бегман Қауасұлының өзісі хақындағы пікірін сіздермен бөлісе кетуді құп көрдік.
 Алыста жүрсең де атамекенге жиі ат басын бұру, туған жеріңнің бір қажетіне жарап, адамдарына қолғабыс етіп отыру–парыз. Мен бостандықты сүйетін, еңбеккер де өр мінезді қазақ халқын, өз жерімді жақсы көремін және оның болашағы үшін алаңдаймын. Мүмкіндігі жететін азаматтардың бәрін туған жер игілігіне жұмыс жасауға шақырамын. Халық пен елдің ыстық ықыласынан асқан мәртебе жоқ мен үшін–дейді  Бегман аға.
Өз елім менің –өзегім менің,
Қызметіңнен сенің
Бас тартпас едім,
Келген сәтінде кезегім менің!
Бұл жолдар туған жерінің топырағын кие тұтып, халқының тектілігін бойына қондырған ел азаматтарына деген құрметтен туған жүрекжарды жолдар еді.
Дина ЖҮСІПОВА.
30 қаңтар 2018 ж. 973 0