Бірегей жоба – «Бастау»
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасымен 2016 жылы іске асқан «Бастау» пилоттық жобасы халық арасында бірден тарады. Жоба толығымен ақталды, оның нәтижесі соған дәлел. «Бастау» жобасының негізгі ерекшелігі ауылды жерде кез келген жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқып, жеке кәсіп ашуға жеңілдікпен несие алуға мүмкіндігі бар. Жоба алғашқы рет Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында жүзеге асқан, ары қарай Ақтөбе облысының Темір ауданында, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жалғасын тапты. Пилоттық жобаның іске асуынан бір жылдан кейін 2017 жылы мақсаттық көрсеткіштер 100%-ға орындалды. 80 ауданда 15 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыды. Соның ішінде 3314 адам кәсіп ашты немесе бизнесін кеңейтті. Жылдық мөлшерлемесі 6% жеңілдетілген несие арқылы 2555 жоба ашылды. 700-ден астам жоба кәсіпкерлердің жеке қаражатына ашылды. Жүзеге асқан жобалардың 80%-ы ауы шаруашылығы саласына тиесілі. Қалған бөлігі – сервис, сауда және т.б.
Алайда ауыл-аймақта ашылған жобалардың басым бөлігі (шамамен 80%) агроөнеркәсіп саласында – мал шаруашылығы және өсімідік шаруашылығында жүзеге асып жатыр. 2017 жылдан бастап «Бастау» жобасы негізгі бағыт болып, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаға енді. «Атамекен» ҰКП оператор ретінде жоба бойынша жұмысты жалғастыруда. 2018 жылы жобаны жүзеге асыру жұмысы ауқымын кеңейтті. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен елдің барлық аудандары мен моноқалаларында 28 мың адам қамтылды, оның ішінде 19,5 мың адам бизнес-жобасын қорғады.
Бұл барлық оқығандардың 60%-на тең көрсеткіш. Жобаларды жүзеге асыруға арналған микронесиелерді 8 мың адам алды. Салықтық деректер мониторингі көрсеткендей, «Бастау» жобасы түлектерінің 95%-ы бүгінде бизнестерін сәтті жүргізіп, салықтарын төлеп отыр. Жоба 2019 жылы ары қарай жүзеге асырылып жатыр. Жоспар бойынша 15 мың ауыл тұрғынын оқытуға, Елбасының тапсырмасына орай, биылғы жоспарланған 15 мың ауыл тұрғынын оқытумен қатар, жұмыс іздеп, қалаға көшкен, жұмыссыз жүрген 40 мың ауыл жастары «Бастау бизнес» жобасына қатысатын болды. Жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Жас Кәсіпкер» алғашқы жобасы Алматы қаласында 4 наурызда іске қосылды. Оның негізінде ел өңірлеріне жобаны кеңейту мақсатында оқыту үлгісін толығымен сынау жоспарлануда. Теориялық курс бизнес психологиясы, бизнес-идеяны іздеу, digital-маркетинг, электронды қызметтер, қаржылық жоспарды меңгеруді қамтиды. Курсқа 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз адам қатысып, жеке бизнес-идеясын құра алады. Ары қарай бұл жобалар грант алу байқауына қатыса алады. Грант сомасы анықталған: 200 АЕК, демек, 505 мың теңге – кәсіп ашуға жақсы бастама. Грант «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында жүзеге асуда. Сонымен қатар «Бастау» жобасының өзі бойынша оқу басталды. Оқу кестесі «Атамекен» сайтында белгіленген. «Бастау» тиімділігі Жоба сөзсіз қаржылық және әлеуметтік тиімділікке ие – бұл дербес табысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ кәсіпкерлік жолында жаңадан кәсіп бастағандар үшін бизнесті кеңейтуге жол ашады. Сонымен қатар әр жоба орташа есеппен 4 жұмыс орнын ашады. Ал жобалардың өзі жекелеген өңірдің қажеттілігіне қарай, сонымен қатар бизнес-тренерлердің жеке маркетингтік зерттеулер негізінде құрылады. Мәселен, тиімділігі болмаса, ешбір тренер екінші азық-түлік дүкенін ашуға кеңес бермейді. Жоба қатысушылары түрлі жастағы азаматтар: 27,7%-ы – 17-29 жас аралығындағы жастар, 51,2%-ы – 30-49 жас аралығындағы азаматтар, 16,5%-ы – 50-57 жас аралығындағы азаматтар. Ал гендерлік теңдікке келер болсақ, қатысушылардың 41,4%-ы – әйелдер, 58,6%-ы – ерлер. Алайда, қыз-келіншектердің белсенділігі артып келеді. Жалпы алғанда соңғы жылдар ішінде 160 аудан және 40 моноқала бойынша оқуға 43 345 адам қатысты. Оқып шыққандардың ішінде 27 733 адам бизнес-жобаларын қорғап, 11 006 адам қаржыландыру алып, жеке кәсіп ашты. Осылайша, жобаға қатысушылар 16 000 жұмыс орнын құрды. Бұдан бөлек, бизнес ашқандардың 95 пайызы – салық төлеп отыр. «Бастау» тиімділігін ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та атап өтіп, жобаның сәтті тәжірибесін жалғастырып, жас кәсіпкерлерге арналған бағдарламаны әзірлеуді тапсырды. Елбасы «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туралы, ал оны жүзеге асыруға Үкімет 2019-2020 жылдар аралығында 32 миллиард теңге бөлуі керектігі туралы мәлімдеді. Қолға алынған шаралар арқылы үш жыл ішінде кәсіпкерлік негіздеріне 300 мың жас оқып, 80 мыңға жуық адам жеке кәсіп аша алады. «Оқуға қатысатын жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардың санын жыл сайын 100 мың адамға жеткізу керек. Бұл қолымыздан келеді», – деді Елбасы. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен құрылған «Бастау» жобасы «Халықтың сүйіктісі - 2018» ұлттық сыйлығының «Жыл таңдауы» аталымы бойынша жеңімпазы атанды. Жоба құрылымы Оқыту кейстік форматта 12 модуль бойынша жүреді, отандық кәсіпкерлер мен «Бастау» жобасы түлектерінің табысты үлгілері мысалға келтіріледі. Модульдарда бизнес-ойлау психологиясы, маркетинг негіздерін түсіндіріп, мемлекеттік қолдау шаралары және оларды қалай алуға болады, өткізу нарықтары, сауатты жобалық жоспарлау туралы айтылады. Қолданыстағы салық режимдері, бизнеске арналған электронды қызметтер туралы ақпарат беріледі. Бизнес-тренермен бірге кәсіпкер өзіне тиімді жобаны таңдайды.
Аталған 12 модуль бейінді қауымдастықтар және одақтардың пікірін ескере отырып, сонымен қатар тапсырыс беруші – ҚР Ауыл шаруашылығы минитсрлігімен мақұлданған. Жобаны кезең кезеңмен қарастырып, әлеуетті қатысушы келесі шараларды орындауы тиіс: алдымен «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының филиалдары немесе Жұмыспен қамту орталықтарына жобаға қатысуға өтінім жасап, көмегіне жүгіну керек. Ары қарай Жұмыспен қамту орталығымен жобаның мақсатты тобына «жұмыссыздар немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп сәйкес келуді мақұлдау жүргізіледі. Ары қарай іріктеуден өту, яғни тестілеу жүргізіледі. Осы процедуралардан кейін қатысушы келесі кезеңге өтеді – топтарда практикалық оқуға қатысу және бизнес-жобаны жазу, оны комиссия алдында қорғау бойынша жеке консультация беріледі. Оң шешім шыққан соң болашақ кәсіпкер жоспарланған бизнесті жүзеге асырады. Оқу аяқталған соң қатысушылар қатысудағы белсенділік және бизнес-жобаны қорғауға байланысты екі түрлі сертификаттың (қатысу туралы сертификат, оқуды аяқтау туралы сертификат) бірін алады. Аталған сертификаттар жылдық 6 пайызбен жеңілдікпен несие алу құқығын береді. Жобаны басты артықшылығы – тегін сабақтар, яғни оқыту қайтарымсыз негізде жүргізіледі. Бұған қоса, қатысушыларға бір реттік шәкіртақы төленеді. Оқыту әдістемесі практикаға басымдық берген – 80 сағат дәріс және 120 сағат жеке консультациялар, онда бизнес-тренер кеңес береді немесе қатысушымен бірге ауыл округтеріне шығып, аудандағы ШОБ субъектілері базасында шеберлік сабақтарын жүргізеді. Оқу аяқталған соң бизнес-тренер түлектерімен қоштаспайды, ары қарай бір жыл бойы тренер және «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалымен бірге жобаға сүйемелдеу көрсетеді. Бастауыш кәсіпкер мәселелермен жалғыздан-жалғыз қалмайды. Бәрінен бөлек «Бастау» жобасына сүйемелдеу көрсететін Call-орталық бағдарламаның оқу үрдісін ұйымдастыру, алынған білім сапасы, оқу бағдарламасын түсіну бойынша қатысушылардың көңілінен шығуы дәрежесін түсіну мақсатында қатысушыларға күнбе-күн сауалнама жүргізеді. Сауалнама бизнес-тренер жұмысын бағалауға, оқуға қатысушылардан ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.
Massaget.kz