Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨКТЕМДІ ҚОНДЫРЫП ҚАНАТЫНА

КӨКТЕМДІ ҚОНДЫРЫП ҚАНАТЫНА


Бүгін сұлу сырдың жағасы, топырағы құнарлы, ақсақалы ақылды, жастары жігерлі, басшысы білімді, бақ қонып, қыдыр дарыған Тұрсынбай датқа ауылында, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, ауыл әкімі Ғ. Сейтовтың келісімімен, ауылдық клуб меңгерушісі Б. Махановтың ұйымдастыруымен Халықаралық құстар күніне орай "Құстарды қондырып қанатына" атты аудандық жас өнерпаздар байқауы жоғары деңгейде аталып өтті.

Шараға барлық округтегі мәдениет саласы қызметкерлері мен ауыл жас өнерпаздары атсалысып, құстар- табиғат, өмір көркі аясында бір- бір құс ұяларын сыйлап, құстарды ұдайы қорғау мақсатында көше бағаналары мен талдарға біршама құс ұялары орнатылды. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға теңеген. Сол мақсатта шараның екінші бөлімі аудан жас өнерпаздарының құстарға арналған шырайлы әндері сайыстың көркін қыздыра түсті. Шараға Жөлек ауылының жас бұлбұл әншісі Әлихан Төлеген атсалысып, өнерпаздармен 
бірге елдің зор ықыласына бөленді.




Ержан Баймбетовтың ФБ парақшасынан.
28 сәуір 2019 ж. 1 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031