Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан-мейірімділік мекені

Қазақстан-мейірімділік мекені


№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінде «Қазақстан-мейірімділік мекені» атты бастамамен 24 сәуір күні еңбек, бейнелеу пән мұғалімдері Б.Сариев, З.Нұрмағамбетова және тәлімгер Г.Шерімбетовалардың ұйымдастыруымен балалардағы өзіне, айналасындағыларға деген жауапкершілік, бауырмалдылық және рақымдылық сезімдерін дамыту, игі істерге қатысуын қамтамасыз ету және шығармашылық қабілеттерін анықтау, табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу мақсатында 4,5 сынып оқушылары арасында «Үлкен-кішіге қамқорлық» тақырыбында сурет салу байқауы, «Табиғатқа қамқорлық» атты құстарға үйшіктер жасау байқауы өтілді.
Балалардың осы жұмыстарымен көрме жасалып, суреттері арқылы, құстарға жасаған үйшіктеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Салған суреттері арқылы үлкендерге, кішілерге қамқор, ізетті болуды, табиғатқа жанашырлық танытуды өте жақсы жеткізе білген. Құстарға жасаған үйшіктер өте керемет! Басқа балаларға үлгі етілді. Белсенді оқушылар Әлмағанбетова Ж,Пернебек Т, Еламанова А, Кенбаев Н, Бекхожаева З, Ахметжанова Т, Дүйсенбек Ш, Өтепбергенов Қ, Шеген Д, Амангелді Н мадақтамамен марапатталды.



М.В.Ломоносов мектеп-лицей
інің ФБ парақшасынан.
28 сәуір 2019 ж. 1 761 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031